Халықаралық әйелдер күні қарсаңында «ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ компаниялар тобында шығармашылық жұмыстар байқауы өтті. Байқау ұйымдастырушысы - «Павлодарэнерго» энергожүйесі қызметкерлерінің жергілікті кәсіподағы» қоғамдық бірлестігі. Байқауға суреттер, қолөнер бұйымдары, бейнероликтер ұсынылды - әр қатысушы өзін қызықтыратын салада өзін көрсетіп, сұлулыққа деген өз көзқарасын жұмыстары арқылы жеткізе білді.

Халықаралық әйелдер күні қарсаңында 8 ақпаннан 5 наурызға дейін кәсіподақтың ұйымдастыруымен  шығармашылық конкурсы өтті. Қатысушылар қазылар алқасының назарына  көктем мерекесі, арулар мерекесі тақырыбын ашатын суреттерді, қолөнер бұйымдары мен бейнероликтерді ұсынды.  Қазылар алқасының мүшелері – «ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ-ның еншілес ұйымдарының өкілдері, кәсіподақ өкілдері - әр жұмыстың бірегейлігін көріп, оларға лайықты баға беруге барынша тырысты.

 Байқау қорытындылары бойынша «ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ 3-ЖЭО-да 1-орын №4 химиялық цехының ұжымына; 2-орын – №3 турбиналық цехының ұжымына берілді.  2-ЖЭО-да 1-орынды Наталья Фоменко, 2-орынды Ирина Чиркова, 3-орынды Надежда Куклина иеленді.

«ПЭТК» АҚ-да 1-орынға Надежда Калнаус, Евгений Чикунов, Елена Власова, Александр Синнер, Гульдана Тутенова ие болды. 2-орын Людмила Семочкинаға, Надежда Германға, Надежда Морозға, Ирина Путинцеваға, Усман Шамионовқа берілді. 3-орынға Александра Малико, Мұрат Дандин, Лилия Михайленко, Галина Верхутина, Алтыншаш Алайдарова ие болды. Елена Дубинская, Елена Лихачева, Ольга Гонайло, Оксана Клочкова, Артем Алейник көрермендер көзайымы жүлдесін иеленді.

«Павлодарские тепловые сети» ЖШС-де 1-орын жылу инспекциясының «Солтүстік учаскесінің» командасына берілді, 2-орынды жылу инспекциясының «Басқарма» командасы алды, 3-орынды Кристина Старк иеленді, Көрермен көзайымы жүлдесін жылу инспекциясының «Индустриялық учаскесінің» командасы алды.

«Экибастузтеплоэнерго» ЖШС-де 1-орынды Светлана Литвинова мен Наталья Щетчикова бөлісті.

«КАУСТИК» АҚ-дағы жүлделі орындар: 1-орын – Айсырым Курман; 2-орын – Алуа Рахимова; 3-орын – Валентина Сергеева; көрермендер көзайымы жүлдесі – Ирина Фомичёва.

«УПНК-ПВ» ЖШС-де 1-орынды: Г.У. Миндегереев, Д.С. Туркбенова, С.Н. Бекишева иеленді. Көрермендер көзайымы жүлдесін  С.Н Бекишева және А.П.Федченко алды.

Конкурстың барлық жеңімпаздары дипломдармен, кәсіподақ мүшелері болып табылатын қатысушылар ақшалай сыйлықтармен марапатталды. Қатысушылар өздерін кәсіпқойлар ретінде ғана емес, сонымен бірге шығармашыл тұлғалар ретінде көрсету мүмкіндігі мен конкурсты ұйымдастырғаны үшін «Павлодарэнерго» жергілікті кәсіподағы» қоғамдық бірлестігіне алғыстарын білдірді.