«ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ компаниялар тобы қызметкерлерінің 750-ден астам балалары Халықаралық балаларды қорғау күніне орай дайындалған іс-шараларға қатысты. Балалар үшін аниматорлар, дискотека, кинотеатр мен ойын-сауық орталығына саяхат және тәтті сыйлықтар ұйымдастырылды. Бұл іс –шаралардың мақсаты балаларды қуанту, себебі әр ата-ана үшін ең қымбат нәрсе - баласының күлкісі. Компания топтарындағы іс-шараларды ұйымдастырушы «ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ энергожүйесінің жергілікті кәсіподағы» ҚБ.
2 маусым күні «ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ кәсіподағы «Павлодар Электржелістік Тарату Компаниясы» АҚ-мен бірлесіп кәсіпорын қызметкерлерінің балаларына арналған мерекелік бағдарлама дайындады. Павлодар және Ақсу қалаларының балалары Ш. Айманов атындағы кинотеатрға барды, онда олар «Өрмекші адам: ғаламдар торы» мультфильмін тамашалады, кейін әр балаға тәтті сыйлықтар табысталды. Аудандық электр желілері қызметкерлерінің балалары үшін аудандарда мереке ұйымдастырылды.
«Павлодарские тепловые сети» ЖШС мамандарының балалары үшін маусымның алғашқы күндері қызыққа толы болды. Көңілді аниматорлары бар квесттер мен көбікті дискотека балалар мен олардың ата-аналарының көңілінен шықты. Балалар уақыттарын көңілді өткізді. Бұдан соң балалар үшін тәтті фуршет ұйымдастырылды.
3-ЖЭО мамандарының балалары VR arena-ға және YAYA PARK-қа барды, 2-ЖЭО және «Павлодарэнергосбыт» ЖШС қызметкерлерінің балалары кинотеатрға барды.