«Павлодарские тепловые сети» ЖШС кезекті рет жеке желінің рұқсатсыз монтажын болдырмады. Жылу камерасына өз бетінше қосылғысы келген тұрғын үй иесінің жылу желісіне қосуды жүзеге асыруға рұқсаты болмаған. Рұқсат комиссия жылу беру кезеңінде оны тұрақты пайдалану үшін жаңа желіні қабылдағаннан кейін ресімделеді. Сонымен қатар, құрылыста көптеген бұзушылықтар анықталды. Бұл басқа тұтынушылар үшін ауыр зардаптарға әкелуі мүмкін.
Жылу желілеріне өз бетінше қосылу сирек емес жағдай және бұл әрдайым басқа тұтынушылардың жылу жүйесінің жеткіліксіз қызуына әкеледі. Тағы бір оқиға жылу беру қызметкерлерінің маршруттарды аралау барысында Ак. Марғұлан көшесінде анықталды. Жеке тұрғын үй иесі №5 жылу магистралінен №138а жылу камерасына рұқсатсыз қосылу мақсатында жылу желісінің құрылысына кіріскен. Сонымен қатар, құрылыс көптеген бұзушылықтармен, бекітілген жобаға қайшы жүргізілген.
«Комиссиялық тексеру кезінде жылу беру кезеңінде желіні пайдалануға қабылдауға мүмкіндік бермейтін ескертулер анықталды. Анықталған ескертулермен жылу желісін салу қолданыстағы заңнамаға қайшы келеді және осы жылу желісін салу кезінде басқа тұрғын үй иелерінің өміріне қауіп төндіреді. Тексеру кезінде тұрғын үйдің тұрғындары №138а жылу камерасының ТМ 5-не өз еркімен кесіп өтпек болғаны анықталды. Бұл жылу желісі жылу тасымалдағыштың есептік параметрлерімен қысым астында болды», - деп жағдайды «Павлодарские тепловые сети» ЖШС бас инженерінің орынбасары Павел Плетухов түсіндірді.
Тексеру барысында комиссия бекітілген құрылыс жобасын іске асыруда 7 бұзушылықты анықтады. Мұндай жылу желісі ескертулер жойылғанға дейін тұрақты пайдалануға қабылданбайды. Желіні салуда одан әрі жұмыс істеуге тыйым салынады. Меншік иесі мамандардың ескертулерімен келісіп, барлық кемшіліктерді жоюға уәде берді. Тепловиктер жылу желілеріне рұқсатсыз қосылу заңға қайшы екенін, жылу энергиясын пайдалану ережелерін бұзатындығын және басқа тұтынушылардың жылу жүйесінің жеткіліксіз қызуына әкелетінін еске салады.