Пәтерлер мен үй-жайларды жылытудың тиімділігі желіде қолданылатын жылу тасымалдағыштың температурасына тікелей байланысты. Павлодарда 1-ЖЭО, 2-ЖЭО, 3-ЖЭО үш энергия көзі бар. Бүгінгі күні жылу көздерінен жылу тасымалдағыштың орташа температурасы 75 градусты және кері желілік су 50 градусты құрайды.
Жылу жүйесінде жылу тасымалдағыштың температурасы бөлме ішіндегі микроклиматтың қалыптасуында маңызды рөл атқарады, бірақ іс жүзінде барлығы тек жылу тасымалдағышқа байланысты емес. Қызмет көрсетуші ұйымдардың және үй иелерінің өз үйлерін жылыту маусымына сапалы дайындауы, оның ішінде панель аралық жіктерді оқшаулау, қабырға мен терезе жақтауы арасындағы саңылаулардың болуы, жобаланбаған қосымша радиаторларды, жылы едендерді және т. б. қосуға жол бермеу де аса маңызды.
Жылу беру кезінде жылу тасымалдағыштың температурасы әр жылыту маусымы басталар алдында міндетті түрде қала әкімдігімен келісілетін температуралық кестелердің параметрлеріне қатаң сәйкестікте жүргізіледі.