«ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ 3-ЖЭО турбиналық цехының машинисі Марат Жұмаділовке ҚР Құрмет грамотасы табысталды.

Павлодарда Республика күніне орай алғашқы марапаттау рәсімі өтті. Жүзге жуық павлодарлықтар мемлекеттік марапаттарға ие болды.

Әбілқайыр Сқақов 25 қазан күні егемен Қазақстанның пайда болғанын еске салды. Әкімнің пікірінше, биыл бұл күн ұлттық мереке мәртебесіне ие болды.