​ Ақпан айында Павлодар 2-ЖЭО өзінің атаулы мерейтойын – станцияның құрылғанына 65 жыл толуын атап өтеді. Алты онжылдықтан астам уақыт ішінде станция 35 млрд. кВтсағ-тан астам электр энергиясын және 70,2 млн. Гкал жылуды өндірген.

​Барлығы неден басталды

​ 2-ЖЭО-ның алғашқы турбоагрегаты 1961 жылы 1 ақпанда іске қосылды. Бұл оқиға Павлодар өңірінің келбетін мәңгілікке өзгерткен жаңа өнеркәсіптік дәуірдің басталуын білдіреді.

​«Сағат 1:15-те генератор жүктемеге қосылып, Павлодар қаласының энергожүйесіне өндірістік тоқ берілді», - деп жазылған тарихи баянат жолдарында.

​ 2-ЖЭО-ның іске қосылуы өлкенің дамуы үшін қуатты серпін болды: оның арқасында қысқа мерзімде алюминий, ферроқорытпа және комбайн зауыттары, Ақсу МАЭС сияқты индустрия алыптары салынып,  жаңа тұрғын алаптары бой көтерді. Осылайша, станция қаланың өнеркәсіптік дамуының берік іргетасына айналды.

​Жаңғырту және әлеует

​ Көпжылғы жұмысына қарамастан, станция үнемі жаңартылып отырады. Жыл сайын күрделі және кеңейтілген жөндеу жұмыстары жүргізіліп, заманауи автоматика енгізілуде. Компанияның алдағы жоспарында №1 турбоагрегатты ауқымды қайта құрылымдау жұмыстары көзделген.

​Бүгінгі таңда  2-ЖЭО-ның белгіленген электр қуаты 110 мВт, жылу қуаты - 332 Гкал/сағ құрайды. «ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ құрамында станция Павлодар өңірінің 600 мыңнан астам тұрғындары мен  13 мыңға жуық заңды тұлғалары үшін тыныс-тіршілікті қамтамасыз етудің өзегі болып табылады.

​ Техникалық жетістіктердің негізінде үлкен команданың қажырлы еңбегі жатыр. Қазір 2-ЖЭО-да 380-нен астам кәсіби маман жұмыс істейді.

​ «Біздің кәсіпорынның ең қымбат қазынасы, алтын қоры – бұл адамдар. Станциядағы дәстүрлер сабақтастығы өзгермейді: ардагерлер жас мамандармен тәжірибесімен бөліседі, осылайша ұрпақтар арасында мықты байланыс қалыптасады», - деп атап өтті «ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ бас директоры Олег Щемель.

​ Энергетиктер ауа райына қарамастан, күнделікті ауысымға шығып, туған қаламыздың үйлерінде тұрақтылық,  жарық пен жайлылықты қамтамасыз етеді.