Тұтынушыларға сервистік қызмет көрсетуді жақсарту және орталықтандыру мақсатында «Павлодарэнергосбыт» ЖШС Павлодар қаласы, Ломов көшесі, 160 мекенжайы бойынша тұтынушыларға қызмет көрсететін сервистік орталықтың ашылатынын хабарлайды. Жұмыс тәртібі: жұмыс күндері сағ. 830-дан 1830-ға дейін, демалыс күндері сенбі сағ. 900-ден 1400-ге дейін.

Сервистік орталықтың қызметтер кешені: жеке және заңды тұлғалардан энергиямен жабдықтау үшін комиссиясыз төлемдерді қабылдау; тұтынушыларға энергиямен жабдықтауға қатысты ақпарат беру, соның ішінде: есептеу, төлеу, электр және жылу энергиясы бойынша берешек, сапасыз энергиямен жабдықтау бойынша тұтынушылардан кінәрат-талаптарды қабылдау, кеңсе қызметтері және т.б.

2014 жылғы 1 қазаннан бастап Павлодар қаласының кассалық пунктерінде Павлодар облысы ауылдық аудандарының тұтынушыларынан – заңды және жеке тұлғалардан электрмен жабдықтау үшін төлемдер қабылданады.