«Энергетик» профилакторийі Павлодар тұрғындары мен қонақтары үшін өз жұмысын жалғастыруда. Қыс мезгілінің басынан профилакторийге 70-тен астам адам сауықтыру шаралары үшін жүгінген. Профилакторий ұжымы түрлі бағыттар бойынша емдеу қызметтерін көрсетеді және қонақтарды қуана қарсы алады.

Медицина қызметкерлерінің айтуынша, қонақтар арасында шипалы балшықпен емдеу, физиотерапия және балқарағай бөшкесіндегі сумен емдеу шаралары үлкен сұранысқа ие. Профилакторийде тұру үшін келушілер көбінесе стандартты және жақсартылған бөлмелерді таңдайды. Ұжым пандемияға байланысты шектеулерге дейін емдеу жолдамалары мен профилакторий курсовкалары бойынша келген бұрынғы клиенттердің біртіндеп оралып жатқанын атап өтті.

«Энергетик» профилакторийінде сіздер диагностикадан өтіп,  мамандардың кеңесін және сауықтыру, емдеу шараларының кешенін ала аласыз. Профилакторийдің  емдеу базасы келесі бөлімшелер мен кабинеттерден тұрады: «Акватракцион»  су астында омыртқаны созуға арналған кешен; «ZIMMER» аппаратымен соққылы-толқынды терапия; қол массажы, механикалық массаж; құрғақ көмірқышқыл ванналары; балшық аппликациялары; су ем-шаралары (Шарко душы, циркулярлық душ, өрлемелі душ); емдік ванналар (скипидарлы, йодбромды, панталы, тұзды-қылқан жапырақты, бишофитті, інжу ванналары); «MEDEXIM» су астындағы массаж-душы; физиоемдеу (лазер, ультрадыбыстық, УЖЖ, СМТ + фонофорез, электрлік ұйқы терапиясы, ДМТ); ішкі ағзаларды, бүйректі, қалқанша безді ультрадыбыстық зерттеу; жүректің ультрадыбыстық зерттеуі.

Клиенттер үшін кабельдік теледидары бар стандарт, жартылай люкс, апартаменттер сияқты жайлы бөлмелер қарастырылған.

Терапевт,  физиотерапевт дәрігерлер кеңес береді және стоматологиялық кабинет жұмыс істейді.

«Энергетик» профилакторийі Ак. Шөкин көш., 1А мекенжайы бойынша орналасқан.

Нөмірлерді брондап, дәрігерлік кеңеске дүйсенбіден жұмаға дейін сағ. 8:30-дан 17:30-ға дейін келесі телефондар бойынша жазылуға болады: 61–08-48, 62-01-53, 8-701-318-52-72