Бүгін облыс әкімі Әбілқайыр Сқақов 2022-2023 жж. жылыту маусымына дайындық бойынша жұмыс сапары аясында қаланы жылумен қамтамасыз етуге байланысты «ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ компаниялар тобының кәсіпорындарына барды. Әкіммен бірге 2-ЖЭО, 3–ЖЭО және «Павлодарские тепловые сети» ЖШС-не қала әкімі Асайын Байханов, облыс әкімінің бірінші орынбасары Олег Круг, БАҚ өкілдері келді.
Облыс әкімінің жұмыс сапары бағдарламасына «ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ-ының екі жылу электр орталығын және «Павлодарские тепловые сети» ЖШС-ін аралау кірді. Станцияларда қонақтарды жылу электр орталықтарының жұмысымен таныстырып, 3-ЖЭО-да екінші түтін құбырын салу бойынша ірі инвестициялық жобаның іске асырылу барысын көрсетті, бұл жаңа қуаттарға шығуға және қаланы жылумен жабдықтауды жақсартуға мүмкіндік береді. «ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ Бас директорының міндетін атқарушы Вадим Лесин қатысушылардың барлық сұрақтарына жауап берді.
«Жылу желілерінде» магистральдық және орамішілік жылу желілерінің, сондай-ақ қаланың тұрғын үй қорының алдағы жылыту маусымына дайындығы туралы айтылды.
«2022-2023 ж.ж. жылыту маусымына жылу желілерін дайындау шеңберінде жыл басынан бері «Павлодарские тепловые сети» ЖШС-інде күрделі және жоспардан тыс жұмыстарды ескере отырып, 3 390,4 м жылу желісін қайта жаңарту және салу жүргізілді. Оның ішінде магистральдық желілер – 1040,6 м, орамішілік желілер - 2349,8 м, ыстық сумен жабдықтау желілері – 36,0 м», - деп түсіндірді «Павлодарские тепловые сети» ЖШС директоры Марат Иманаев.