«Павлодарэнергосбыт» ЖШС тұтынушыларының ыңғайлылығы үшін көрсетілген қызметтер үшін шот-түбіртектерді төлеудің түрлі оңтайлы тәсілдерін ұсынады.
Шот-түбіртектер бойынша төлемді «Павлодарэнергосбыт» ЖШС сервистік орталықтары мен кассалары арқылы жүргізуге болады. «Павлодарэнергосбыт» ЖШС сервистік орталықтары мен кассалары Павлодар қаласында келесі мекенжайлар бойынша орналасқан: Кривенко көш., 27; Ак. Сәтбаев көш., 101; Ломов көш., 160; Кривенко көш., 25. Ақсу қаласының тұрғындары үшін Камзин көш., 33; Вокзальная көш., 11 мекенжайлары бойынша төлем пункттері жұмыс істейді.
Тұтынушыларға жайлы болу үшін төлемді Павлодар қ. Кривенко көш., 27; Ак. Сәтбаев көш., 101; Ломов көш., 160 мекенжайлары бойынша «Павлодарэнергосбыт» ЖШС төлемдерді қабылдау пункттеріндегі төлем терминалдары арқылы да іске асыруға болады.
Біздің серіктестік кассаларында және төлем терминалдарында қолма-қол ақшамен және POS-терминалдар арқылы төлем карталарымен төлеуге болады.
Сонымен қатар, «Қазақстан Халық банкі» АҚ; «Нұрбанк» АҚ; «Forte Bank» АҚ; «First Heartland Jýsan Bank» АҚ сияқты екінші деңгейлі банктердің қызметтерін пайдалануға болады. Немесе «Astana-Plat» ЖШС; «QIWI Kazakhstan» ЖШС төлем жүйелерін/терминалдарын пайдалану мүмкіндігі бар. Алайда, бүгінгі таңда ең ыңғайлы төлем әдісі - үйден шығуды қажет етпейтін «Kaspi Bank» АҚ (Kaspi.kz); «Қазақстан Халық банкі» АҚ (Homebank.kz); «Bereke Bank» АҚ (B-Bank) сияқты банктердің қосымшалары арқылы жүргізілетін төлемдер.
«Павлодарэнергосбыт» ЖШС әрқашан тұтынушыларға қарай оң қадамдар жасап, шот-түбіртектерді төлеудің ең кең әдісін ұсынуға тырысады.