«Павлодарэнергосбыт» ЖШС 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап тұтынушыларды электрмен жабдықтау қызметін тоқтатады. Электрмен жабдықтау шарты бойынша энергиямен жабдықтаушы ұйым міндеттерін«Павлодар Электржелістік Тарату Компаниясы» АҚ атқарады.
Енді Қазақстан Республикасының 2024 жылғы 8 шілдедегі «Электр энергетикасы туралы» заңына енгізілген өзгерістерге сәйкес электр энергиясы тұтынушыларына қызмет көрсету, электр есептегіштердің көрсеткіштерін тіркеу, есептемелер бойынша есептеулер жүргізуді «ПЭТК» АҚ мамандары іске асырады.
Электр энергиясының тұрмыстық тұтынушылары 2025 жылғы қаңтардан бастап қолданыстағы Электрмен жабдықтаудың үлгілік шарты негізінде электр энергиясын алуды жалғастырып, «Павлодар Электржелістік Тарату Компаниясы» АҚ-ның бірыңғай төлем құжаты бойынша энергия мен қызметтер ақысын төлейді.
Тұтынушы-бюджеттік ұйымдар 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап электрмен жабдықтау шартын жасасуға «Павлодар Электржелістік Тарату Компаниясы» АҚ-на жүгінуі қажет.
Электр энергиясын тұрмыстық емес қажеттіліктер үшін пайдаланатын тұтынушылар үшін 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап электрмен жабдықтау шарты бойынша электр энергиясын Сатушы «Павлодар Электржелістік Тарату Компаниясы» АҚ болып табылады.
Анықтама телефондары:
- тұрмыстық тұтынушылар үшін 903-309 (байланыс орталығы).
- электр энергиясын тұрмыстық емес қажеттіліктер үшін пайдаланатын бюджеттік ұйымдар мен тұтынушылар үшін – 39-95-47, 39-98-85, 39-96-60, 39-96-65 (Келісім-шарт бөлімі).