2018 жылғы 12 желтоқсан күні Павлодардың Усолка шағын ауданында жаңа 50 метрлік «Ертiс OLYMPIC» жүзу бассейні ашылды. Әлеуметтік жобаны жүзеге асыруға қатысқан компаниялар қатарында «Орталық-Азия отын-энергетикалық компаниясы» АҚ («ОАОЭК») және оның еншілес кәсіпорны «ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ бар.
Павлодар облысы Дене шынықтыру және спорт басқармасы өкілдері айтып өткендей, аталған бассейн базасында спортшылар халықаралық стандарттарға сай жағдайларда жаттыға алады.
Айта кетейік, 2016 жылы Павлодар облысы әкімдігі мен «ОАОЭК» АҚ арасында бизнестің корпоративтік әлеуметтік жауапкершілігі саласына бағытталған әлеуметтік жобаларды бірлесіп жүзеге асыру туралы меморандумға қол қойылған болатын.
Меморандумға қол қойған тараптардан бассейннің салтанатты ашылу рәсіміне Павлодар облысы әкімі Болат Бақауов, «Орталық-Азия отын-энергетикалық компаниясы» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы Александр Клебанов және «Орталық-Азия Электроэнергетикалық Корпорациясы» АҚ президенті Сергей Кан қатысты.
«Бұл – павлодарлықтар үшін Тәуелсіздік күніне орай тамаша тарту болды, – деді Болат Бақауов. – Жүзу – біздің спортшылар жүлделі орындар иеленіп жүрген спорттың түрі. Жаңа кешеннің ашылуы арқасында жеңістер мен чемпиондар саны арта түседі деп сенемін».
«Павлодарлықтарды қажетті де аса маңызды жобаның жүзеге асырылуымен құттықтаймын, – деді Александр Клебанов. – Біз бұл жобаға қатысқанымызға аса қуаныштымыз және тек Усолка шағын ауданы ғана емес, бүкіл Павлодар тұрғындары үшін де бассейн демалыс, жаттығу және денсаулықты шыңдауға арналған тамаша орын болатынына сенеміз».
«ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ қолдауымен «Орталық-Азия отын-энергетикалық компаниясы» АҚ меморандумын жүзеге асырудың бірінші кезеңі – 2017 жылы желтоқсанда Павлодар монтаж колледжінің студенттеріне арналған 200 орындық жатақхананың салынуы және ашылуы болды.
Екінші жоба – Усолка шағын ауданында жүзу бассейнінің құрылысы.
«ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ бұл жобада электр, жылу, сумен қамту инженерлік желілерін жүргізумен атсалысты.
Жобаны жүзеге асыру шығындарының жалпы сомасы – 814 млн 839 мың теңге. Оның 516 млн теңгеден астам бөлігі жылу магистральдерін жүргізуге жұмсалды. № 868 жылу камерасынан жүзу бассейніне дейінгі желінің ұзындығы – 1 603 метрді құрайды. Магистраль бассейнді жылумен қамтуға, сондай-ақ, шағын ауданның болашақ дамуын есепке алғандағы жылу қысымын резервтеуге де қажет.
105 млн-нан астам теңгені компания электрмен қамту желілерін жүргізуге жұмсаса, оның ішіне ғимарат сыртын жарықтандыру да кіреді. 194 млн-ға жуық теңге сумен қамту, су өткізу және №21 фекальды сорғыны жаңғыртуға жұмсалды.
Меморандумды жүзеге асырудың үшінші қадамы – «ПАВЛОДАРЭНЕРГО» компаниялар тобы қызметкерлері үшін көпқабатты тұрғын үй кешені құрылысы болып табылады. Бұл жоба 2019 жылғы жазда аяқталмақ.
Меморандумды жүзеге асыру «ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ-ның Павлодар аймағының дамуына көңіл бөлетін әлеуметтік жауапкершілікті компания ретіндегі мәртебесін бекемдей түседі.