Биыл «Павлодар ЭТК» АҚ-ның басты жобасы 110/10 кВ «Солтүстік қалалық» қосалқы станциясының құрылысын аяқтау жоспарлануда. Жоба сонымен қатар «Өнеркәсіптік» және «Солтүстік қалалық» қосалқы станциялары арасында 110 кВ қос тізбекті әуе желісі құрылысын қамтиды.Трансформаторлық қосалқы станция қуатының 2*16000 кВА және 1*6300 кВА-ден 2*40000 кВА-ге дейін артуы тұтынушыларды сапалы электрмен қамтамасыз етіп қана қоймай, электрмен жабдықтауға қосымша тұтынушыларды қосуға мүмкіндік береді.
Павлодар бүгінде – қарқынды дамып келе жатқан өңір. Облыс пен қаланың қарқынды дамуы жағдайында сапалы электрмен жабдықтау қажет, бұл тұтынушыларды, бұрыннан бар және жаңадан қосылған кәсіпорындарды сапалы электр энергиясымен қамтамасыз ету мүмкіндігін береді.
Бастапқыда 35/10 кВ «Солтүстік қалалық» қосалқы станциясы 1966 жылы пайдалануға енгізіліп, Павлодардың солтүстік-шығыс бөлігінің тұтынушыларын электрмен жабдықтауға арналған. Бүгінгі таңда қосалқы станция өз ресурсын тауысқан, ал қыста күштік трансформаторлар жүктемесі 70-80% құрайды.
«Трансформаторлардың осындай жоғары жүктемесіне байланысты қосалқы станцияға қосымша тұтынушыларды қосу мүмкін емес, - деп түсіндірді "ПАВЛОДАРЭНЕРГО " АҚ бас директоры Олег Щемель.- Берілген қуаттың шектелуіне және 35 кВ желілердің өткізгіштік қабілетінің жеткіліксіздігіне байланысты негізгі жабдықты ғана ауыстыру да орынсыз. Қорытындылай келе кернеуі 110/10 кВ болатын жаңа қосалқы станцияны салып, онда әрқайсысы 40 МВА болатын қуаттылығы жоғары екі трансформаторды орнату шешімі қабылданды».
110/10 кВ «Солтүстік қалалық» қосалқы станциясының құрылысын аяқтау және оны толық пайдалануға беру 2024 жылғы 15 қыркүйекке дейінгі мерзімге жоспарланған.