Энергетика саласында каска энергетикалық компаниялар объектілерінде жұмыс істейтін қызметкерлер үшін міндетті жеке қорғану құралы (ЖҚҚ) болып есептеледі. Каска басты соққылардан және жұмыс барысында туындауы мүмкін басқа қауіптерден қорғайды.
Энергетика саласының қызметкерлері жұмыс жағдайына байланысты түрлі каскаларды пайдаланады. Станцияларда жұмысшының басына қосымша бекітуді қамтамасыз ететін иек белдіктері бар арнайы каскалар қолданылады. Сонымен қатар, кейбір жағдайларда, мысалы, лазерлік және электрлік құралдармен, сондай-ақ бу жабдықтарымен жұмыс істеу кезінде бет пен мойынды қорғайтын каскалар қажет.
- Қауіпсіздік техникасы қағидаларының 8-тармағына сәйкес электр станциялары мен жылу желілерінің жылу механикалық жабдықтарын пайдалану кезінде, жұмыс істеп тұрған энергетикалық жабдықтары бар бөлмелерде, құдықтарда, камераларда, арналарда, үңгіржолдарда, бункерлерде, құрылыс алаңдарында, монтаж алаңдарында және жөндеу аумағында жұмыс істеу кезінде барлық қызметкерлер иек белдігімен бекітілген қорғаныш каскаларын киюі қажет. Шашты каска астына жинап қойған жөн. Басқа жеке қорғаныс құралдары сияқты, каскалар да белгіленген нормаларға сәйкес кәсіпорындардың барлық қызметкерлеріне беріледі, - деді «ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау басқармасының бастығы Андрей Турков.