– Мұражай – бұл болашаққа жетелейтін билет деп айтауға болады, – деп атап өтті "ПАВЛОДАРЭНЕРГО" АҚ бас директоры Олег Щемель. – Бүгінгі күн де тарихқа айналады. Біз жинақтаған тәжірибеміз бен барлық білімімізбен жас ұрпақпен бөлісуіміз қажет. Тарихымызбен бөлісуіміз керек. Сол кезде өткен де, болашақ та сенімді қолда болады.
Өңір электр энергетикасының тарихы 1942 жылы Полтавадан Павлодарға иіру фабрикасының бөлшектелген жабдықтары келген кезден басталады. Оның ішінде, қуаттылығы 1 МВт электр станциясы болды, ол қаланың негізгі энергиямен жабдықтау көзіне айналды. Электр станциясы "Октябрь" зауытының аумағында аяқталмаған шіркеу ғимаратының бөлмесіне орнатылып, бір жылдан кейін пайдалануға енгізілді. Ол бу қазандығы мен турбинаны ("Броун-Бовери"фирмасы) қамтыған облыстағы алғаш электр станциясы болды.
1964 жылға дейін Павлодар энергетикасы жекелеген объектілерден тұрды. Басқарма біртіндеп бұрыннан бар объектілерді біріктіріп, бүкіл облыс бойынша электр желілері көлемін ұлғайта бастады.
- Біздің мұражайда бірегей көне фотосуреттер бар. Мысалы, Чернорецк желілік қосалқы станциясының шебері Николай Фомич Ожигтің желілерді тексеріп жүрген кезі бейнеленген сурет: ат, арба, қар - ЖҚБ желілік қосалқы станция бригадасы деп аталады. Сондай - ақ, бас инженер, бас инженердің орынбасары және әуе желілері қызметінің бастығы тікұшақпен электр желілерін айналып өткен кездегі фотосуреті бар, - дейді "ПЭТК" АҚ Бас директорының тарату жөніндегі орынбасары Геннадий Сокуренко. - Стендте электрмен жабдықтау сұлбасы бейнеленген - бұл жанды әлем, адам ағзасындағы қан сияқты оның бойымен электр тоғы ағып жатыр. Барлық деректі растаулар таң қалдырады, мақтаныш сезімін тудырады.
1998 жылы ПЭТК тарихы жаңа парақтан басталды. 2 наурыз күні "Павлодарэнергосервис" АТАҚ құрылды, кейіннен ол "ПЭТК"АҚ болып аталды. Осы сәттен бастап аудандық электр желілерінің және тұтастай ұйымның жаңа кезеңі басталады.
Қазіргі уақытта "ПЭТК" АҚ 16 мың километрге жуық электр желілерін, 1756 қызметкері бар 180 ірі қосалқы станцияларды қамтиды.
Желілердің тарихы қызықты әрі оқиғаларға бай, сондықтан "ПЭТК" АҚ мамандарының мұражайды, стендтерді, тарихи құжаттарды, жетістіктерді, құрмет тақтасын, экспонаттарды жаңартып, кеңейту жоспарлары бар.
- Желілерді құру ерекше оқиға. Кәсіпорынның бұрынғы қызметкерлері, басшыларымыз, шеберлер мен мұғалімдер әлі де есімізде. Кәсіпорын тарихы ұмытылмаса, кәсіпорынның өзі де қанатын жайып, өркендейді, - деп қорытындылады Геннадий Сокуренко.