Наурыз мейрамы - көктемгі күн мен түннің теңелуі, табиғаттың жаңаруы мен жандануының мерекесі. Оны «көктемгі жаңа жыл» деп атау да бекер емес – Наурыз мерекесі еліміздің ең сүйікті әрі ауқымды мерекелерінің бірі.
Жаңа жылды қалай қарсы алсаң, дәл солай өткізесің дегендей, барша халықпен қатар энергетиктер де Наурызды көңілді әрі кең көлемде атап өтті. Палау және наурыз көже, қымыз бен құрт, бауырсақ пен самса, шелпек пен қоспа – компаниялар тобының әр кәсіпорны қызметкерлерін ұлттық тағамдарға толы дастарханмен қарсы алды. Сонымен бірге, «Павлодарэнерго» энергожүйесі қызметкерлерінің жергілікті кәсіподағы» ҚБ бастамасымен ұлттық тағамдар, ұлттық киімдер мен салт-дәстүрлер байқауы өткізілді.
«ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ қызметкерлері Наурыз мейрамын 22 наурыз күні «Энергетик» демалыс үйі аумағында атап өтті. Ауыл тұрғындары мен демалыс үйінің қонақтарына арналған мерекелік бағдарлама Мичурино ауылының әкімдігімен бірлесе отырып дайындалды. Наурыз мерекесіне орай дайындалған дастархан басында «Павлодарэнергосбыт» ЖШС қызметкерлері де жиналды, ал «Павлодар жылу желілері» ЖШС мамандары кәсіподақ дайындаған тәтті тағамдардан дәм татты. Сонымен қатар, қалалық электр желілері кәсіпорнында , ҮЭЖҚК-да, Баянауыл, Ертіс, Май және Железин электр желілері аудандарында да Наурыз мейрамы кеңінен аталып өтті. Кәсіпорын кәсіподағының конкурстық қазылар алқасы үздік ұлттық тағамдар мен ұлттық костюмдерді бағалады, қызметкерлер ұлттық салт-дәстүрлер туралы білімдерімен таң қалдырды.
«Каустик» АҚ мәжіліс залында мереке қарсаңында бөлімшелер арасында ұлттық салт-дәстүрлер, ұлттық киімдер байқауы өтті. Қызметкерлер дәстүрлер мен әдет-ғұрыптар тақырыбында жарысып, музыкалық және би нөмірлерін көрсетті. Мәжіліс залының фойесінде қолөнершілер көрмесі ұсынылды. Қонақтар халықтық-қолданбалы өнер бұйымдарымен танысып, шеберлер дарындылығын қазылар алқасы да, барлық қатысушылар да жоғары бағалады.
Наурыз мейрамы Энергожүйе қызметкерлерінің ауызбіршілігі мен ұйымшылдығын көрсетті. Әр энергетик мерекені ерекше атап өту үшін өз үлесін қосты. Дастархан, ұлттық киімдер мен мерекелік бағдарламаны компания тобының әрбір кәсіпорны өздігінен дайындады. Байқау жеңімпаздары кәсіпорындар мен кәсіподақ дайындаған жүлделерге ие болды. Бұл күні жеңілгендер болған жоқ.