Құрметті қазақстандықтар!

«ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ ұжымы Сіздерді Наурыз мейрамымен шын жүректен құттықтайды!
Көктемгі күн мен түн теңеліп, табиғат жаңарып, жан-жаққа тіршілік нұры тараған осы кезеңде, үйлеріңізге жылулық, істеріңізге сарқылмас күш-қуат тілейміз. Осы жарқын мереке әрбір отбасыға молшылық, бейбітшілік және махаббат әкелсін.
Бейбіт ашық аспан, адал достар, тыныштық пен амандық тілейміз!
Наурыз мейрамы құтты болсын!
