«ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ-ның 30-дан астам қызметкері Қауіпсіздік айлығы Халықаралық еңбекті қорғау күніне орай лауазымдық міндеттеріне жауапкершілікпен қарап, өндірістегі еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау ережелерін сақтағаны үшін грамоталармен және ақшалай сыйлықтармен марапатталды.
«ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ-да қауіпсіздікке және еңбекті қорғауға баса назар аударылады, - деп атап өтті компанияның бас директоры Олег Щемель. Біздің кәсіпорынның басты қазынасы - біздің мамандар, және олардың әрқайсысының өндірістегі қауіпсіздігі біз үшін өте маңызды.
Жыл бойы ЕҚжЕҚБ мамандары өндірісте қызметкерлердің қауіпсіздік техникасын сақтауына бақылау жүргізеді. Үздіктердің үздігін анықтау, сондай-ақ осы ережелерді сақтау үлкен жауапкершілікті талап етеді.
-Жұмыскер еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша барлық талаптарды сақтаудың маңыздылығын көрсетіп, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі бағдарламалар мен жоспарларды орындауға белсене қатысуы қажет, - дейді еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау басқармасының бастығы Андрей Турков. – Жыл сайын біз Дүниежүзілік еңбекті қорғау күнін орай қауіпсіздік техникасы бойынша бірде-бір ескертуі жоқ мамандарды марапаттаймыз.
Еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі үздіктерді кәсіпорын кәсіподағы марапаттады.
Қауіпсіздік айлығы кезінде ОАЭК компаниялар тобының кәсіпорындарында жұмыс ұжымдарындағы еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша аудиттер, профилактикалық әңгімелесулер мен кеңестер өткізілді.