«ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ-да компаниялар тобының жұмыс орындарында қауіпсіздік техникасын сақтау саласындағы ең жауапты қызметкерлерін марапаттау өтті. 15 қызметкер «ПАВЛОДАРЭНЕРГО» Бас директорының атынан Құрмет грамоталары мен ақшалай сыйлықтарға ие болды.

Дүниежүзілік еңбекті қорғау күнін мерекелеу аясында «ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау басқармасы ең жауапты қызметкерлерді марапаттады. Қызметкерлерге грамоталар мен ақшалай сыйлықтарды «ОАЭК» АҚ еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау департаментінің директоры Руслан Зинатулин табыс етті.

- Бүгін маған «ПАВЛОДАРЭНЕРГО» компаниялар тобының ең жауапты қызметкерлерін марапаттау құрметі бұйырды. Өндірістегі қауіпсіздікке ерекше көңіл бөлінеді, өйткені мамандар «ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ компаниялар тобының негізгі әлеуеті болып табылады. Сондықтан қызметкерлердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету және денсаулығын сақтау – еңбекті қорғау саласындағы басты міндет. Бүгін біз Дүниежүзілік еңбекті қорғау күні аясында ең жауапты қызметкерлерді марапаттағалы отырмыз. Өз жұмыстарыңызды орындай отырып, әріптестеріңізге үлгі бола білгендеріңіз үшін рахмет айтамыз. Жұмыстарыңыз қауіпсіз болсын және жарақат болмасын, - деп ашты іс-шараны Руслан Зинатулин.

Барлық еншілес кәсіпорындардың қызметкерлері құрметті марапатқа ие болды. Атап айтқанда: «ПРЭК» АҚ-ынан: Сергей Козлов, Тәңірберген Смағұлов, Алексей Брагин; 3-ЖЭО және 2-ЖЭО-дан: Александр Скупченко, Николай Березовский, Владимир Гладков, Мәди Өтекеев; «Павлодарэнергосбыт» ЖШС-нен: Сымбат Баймуратова, Ольга Трушина; «Павлодарские тепловые сети» ЖШС-нен: Григорий Маковец, Виктор Немцев; «Экибастузтеплоэнерго» ЖШС-нен: Наталья Ярось, Азамат Смағұлов; Санаторий-профилакторийден және «Энергетик» демалыс үйінен: Александр Замотин, Ирина Мироненко марапаттаулар алды.

- Дүниежүзілік еңбекті қорғау күні - бұл жай ғана мереке емес, бұл жұмыс орындарында жарақат алғандардың барлығын еске алу күні. Өз қауіпсіздігіңізге және жақындарыңыздың қауіпсіздігіне жауапты қарағандарыңыз үшін рахметімізді айтамыз, - деп қорытындылады «ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау басқармасының бастығы Андрей Турков.

Сондай-ақ Халықаралық еңбекті қорғау күнін мерекелеу шеңберінде ЕҚжЕҚБ мамандары компаниялар тобы қызметкерлерінің балалары арасында «Тұрмыстағы қауіпсіздік» тақырыбына бейнероликтер конкурсын өткізді. Жас режиссерлер де лайықты сыйлықтарға ие болды.