"Павлодарские тепловые сети" ЖШС «Қазақстан Алюминийі» АҚ ЖЭО-на қосылған жылу жүйелерін жөндеуге шығару алдында, 2022 жылдың 25-нен 30-шы сәуірі аралығында жылу жүйелерінде гидравликалық сынауларды өткізеді.

Осыған байланысты 2022 жылдың 25-нен 30-шы сәуірі аралығында Павлодар қаласының мына  көшелер шегіндегі тұрғын үйлерде ыстық су болмайды:

Оңтүстік бөлігі:  29 Ноябрь – Естай – Абай - Кривенко – Малайсары батыр - Қамзин, 2 Павлодар, Восточный шағын ауданы, Зеленстрой кенті, шағын аудандар: Усолка, Дачный, Достық, Сарыарқа

Көрсетілген кезеңде белгіленген жылу жүйелері аумағында сақ болуды өтінеміз.       

Ескертулер мен құқық бұзушылықтар болған жағдайда мына телефон нөміріне хабарласыңыздар: 57-07-51 («ПТС» ЖШС диспетчер қызметі); 57-01-13 (эксплуатациялық аудан).