Жылыту маусымы кеше, 15 қыркүйекте басталды. «Павлодарские тепловые сети» ЖШС жылу желілерін кезең-кезеңімен толтыруды және тұтынушының жылу желілері мен жылу желілерінің күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа техникалық дайындығы актісі болған жағдайда тұтынушылардың объектілерін орталықтандырылған жылумен жабдықтау жүйесіне қосуды жүргізеді.
Бүгінгі күні 277 әлеуметтік нысанның 172-сі қосылған.
Әлеуметтік нысандармен бірге жеке сектордың жылу желілері толтырылуда. Павлодар қаласында 300 км жеке жылу желілері бар, олар жеке үй иелерінің жылыту маусымына дайындық шараларын орындамауына байланысты апатты жағдайда тұр. Бүгінгі таңда 4 657 үйдің 243 үй иелері техникалық дайындық актісін алды, бұл 5,2% құрайды.
19.09.2022 жылдан бастап жылу желілерін толтыру өнеркәсіптік аймақ объектілеріне, 26.09.2022 жылдан бастап тұрғын үйлерді іске қосу кестесіне сәйкес жылу беру жабдығының 100% дайындығы болған кезде көп қабатты тұрғын үйлерді (КҚТҮ) кезең-кезеңмен қосу басталады.