«ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ бас директоры Олег Щемель және 3-ЖЭО директоры Игорь Гринев жылу электр орталығына баспасөз туры кезінде БАҚ өкілдерін Павлодар 3-ЖЭО жөндеу кампаниясының барысымен таныстырды.
Бірінші басшылар цехтарға экскурсия жүргізіп, журналистерге станция жұмысының ерекшеліктері мен негізгі жабдықтарды жаңарту туралы айтып берді.
«ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ жылумен және электрмен жабдықтау объектілерінде жөндеу және қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу алдағы қыс мезгіліне дайындықтың ажырамас бөлігі болып табылады. Жыл басында 2-ЖЭО, 3-ЖЭО бойынша негізгі жабдықтарды, станциялардың ғимараттары мен құрылыстарын күрделі және кеңейтілген жөндеу жұмыстарының кестесі әзірленді», - деп баяндады станцияны аралау кезінде журналистерге «ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ бас директоры Олег Щемель.
Павлодар 3-ЖЭО жөндеу компаниясын жүргізу кезеңінде № 6 турбоагрегатты, №5 қазандық агрегатын күрделі жөндеу; № 1 турбоагрегатты, №1 және №3 қазандық агрегаттарын кеңейтілген ағымдағы жөндеу жұмыстары жоспарланған. №1 қазандық агрегаты 10 наурызда жөндеуге шығарылды.
Павлодар 2-ЖЭО-да № 5 қазандық агрегаты мен №3 турбоагрегатты күрделі жөндеу жоспарланған. № 5 қазандық агрегатын күрделі жөндеу 20 наурыз күні басталды. №2 және №4 қазандық агрегаттарын кеңейтілген ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіледі.
Сондай-ақ, жөндеу науқаны шеңберінде «ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ станцияларында қосалқы және жалпыстанциялық жабдықтарды, ғимараттар мен құрылымдарды: шатыр, душ бөлмесін және санитарлық тораптарды, темір жолдарды, бағыттамалық бұрмаларды күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстары жоспарланған.
Шолу экскурсиясынан кейін сұрақтар мен жауаптар сессиясы өтті.