Павлодар 3-ЖЭО-сы - өңірдегі ең ірі жылу электр орталығы, компания станциялары арасында ең үлкен қуатқа ие, соңғы 10 жылда станцияда жабдықтарды ауқымды жаңғырту жүргізілді.
2011-2012 жылдары – №1 жаңа турбоагрегат орнатылып, станцияның белгіленген электр қуатын 440-тан 505 МВт-қа дейін арттырды.
2012 жылы - технологиялық процестерді басқарудың автоматтандырылған жүйесін (ТП АБЖ) және азот оксидтері шығарындыларын азайту жүйесін орната отырып, №1 қазандық агрегатын ауыстырғаннан кейін жұмысқа енгізілді.
2014 жылы – №5 турбоагрегат пайдалануға берілді, бұл белгіленген электр қуатын 505-тен 520 МВт-қа 15 МВт-қа дейін ұлғайтуға мүмкіндік берді; ТП АБЖ және азот оксидтері шығарындыларын азайту жүйесін орната отырып, №3 қазандық агрегатын жаңғырту аяқталды.
2015 жылы – №2 қазандық агрегатының ТП АБЖ жабдықтау бойынша жұмыстар жүргізілді; №2 жаңа турбоагрегат және №4 турбоагрегат пайдалануға берілді, бұл белгіленген электр қуатын 520 МВт-тан 540 МВт-қа дейін ұлғайтуға мүмкіндік берді. 2015 жылдың жазында №5 жаңа градирня пайдалануға берілді.
2016 жылы станцияда белгіленген электр қуатын 15 МВтқа арттырумен №6 турбоагрегатты жаңғырту жобасын іске асыруға кірісті; №5 қазандық агрегатының ТП АБЖ жабдықтау бойынша жұмыстар жүргізілді.
2017 жылы – №4 қазандық агрегатының ТП АБЖ жабдықтау бойынша жұмыстар жүргізілді.
2018 жылы - жоғары және орта қысымды цилиндрлерді, сондай-ақ генераторды ауыстыра отырып, №6 турбоагрегатты жаңғырту орындалды; №6 турбинада микропроцессорлық контроллерлер негізінде жүзеге асырылған қорғауды реттеудің жаңа электргидравликалық жүйесі енгізілді; белгіленген электр қуатын 15 МВт (125 МВт дейін) ұлғайта отырып, №6 турбоагрегатты жаңғырту жобасы іске асырылды. ТМД аумағында алғаш рет діріл оқшаулағыштары бар болат жақтау негізінде іргетас технологиясы қолданылды.
2019 жыл – жаңа автоматтандыру жобасы – болжамдау және «ПРАНА» қашықтан мониторингілеу жүйесі енгізілді.
2021 жыл – 3-кезектің күл үйіндісін пайдалануға беру; 3-ЖЭО күл үйіндісінің 2-кезектегі бөгеттерін пайдалануға беру; 3-ЖЭО күл үйіндісінің 3-кезектегі бірінші іске қосу кешенін іске қосу.
3-ЖЭО дамуын жалғастыруда және қуат алуда, қазіргі уақытта станцияда қосымша жүктемеге шығуға мүмкіндік беретін екінші түтін құбырын салу жобасы жүзеге асырылуда.