Халықаралық әйелдер күнін тойлау бүгінде ерекше мәнге ие. Әйелдер жұмыс істемейтін салалар жоқтың қасы деп айтуға болады. Нәзік жандылар өкілдері бойларында нәзіктік пен табандылық, даналық пен адалдық қасиеттерін біріктіре отырып, ер адамдармен қатар қызметтерін атқаруда, сонымен қатар балаларын бағып, тәрбиелеп, үйлерін жайнатып, жақындарын қамқорлықтарына бөлейді.
8 Наурыз көктем мерекесі - бұл әйел бейнесі, бұл сұлулық, мейірімділік, нәзіктік, үйлесімділік, махаббат мерекесі. Сіздерге баянды махаббат, жан жылулығын, шаңырақтарыңызға татулық пен амандық, күнделікті өмірде шаттық пен қуаныш, істеріңізге табыс тілейміз! Көктем сіздердің өмірлеріңізге жағымды өзгерістер әкеліп, жаңа өмірлік энергия, шығармашылық идеялар, жоспарлар мен мақсаттар сыйласын.