Бас мердігер «САЭМ-Павлодар» ЖШС-мен біріккен дайындық жұмыстары 2021 жылдың қараша айында басталды. Ал құбырдың нақты құрылысы 2022 жылдың 27 маусымында басталды. Жұмысқа екі мамандандырылған қосалқы мердігерлік ұйым тартылған: "КазтеплоСПЕЦСТРОЙ" ЖШС және "ТеплоХимМонтаж" АҚ. Бетон құю үрдісі үздіксіз, тәулік бойы жүргізіледі. 6 шілдедегі жағдайы бойынша 419 м3 бетон құйылды, құбырдың биіктігі +12,5 м. Жұмысшыларға тамақ пен сусындарды тасымалдау ұйымдастырылған. Құрылыстың аяқталу мерзімі – 2023 жылдың 15 қаңтары, сонда құбырдың биіктігі жобалық 180 метрді құрайды.
Газ құбырлары бар жаңа темір бетон құбырын пайдалануға енгізу №5 және №6 қазандық агрегаттарын жұмыстың жобалық схемасына көшіруге мүмкіндік береді.
Екінші түтін құбырын пайдалану басталғаннан кейін, бірінші түтін құбыры күрделі жөндеуге шығарылады. Станцияда екі түтін құбырының болуы жобалау схемасына сәйкес қазандық агрегаттарын пайдалануға және электр станциясын толық тоқтатпай қажетті жөндеу жұмыстары мен тексерулерді жүргізуге мүмкіндік береді.