Павлодар 3-ЖЭО мамандары қазандық цехын автоматтандыру үдерісін аяқтады. Технологиялық процестерді басқарудың автоматтандырылған жүйесі (ТП БАЖ) барлық алты қазандық агрегаттарында орнатылған. Заманауи автоматтандыру технологиялары станцияның операциялық тиімділігін арттыру, қазандық агрегаттарын, сондай-ақ қосалқы жабдықты қауіпсіз, үнемді және сенімді басқаруды қамтамасыз ету мүмкіндігін береді.

Технологиялық процестерді басқарудың автоматтандырылған жүйесін соңғы алтыншы қазандық агрегатына орнату биыл 2025 жылғы инвестициялық бағдарлама аясында жүргізілді. Бұл цехты автоматтандырудың соңғы кезеңі, мұнда ұқсас заманауи микропроцессорлық жүйелер бес басқа қазандық агрегаттарында сәтті жұмыс істейді.

​«Жаңа микропроцессорлық АБЖ релелік логикаға негізделген ескірген басқару схемаларын алмастырды, - деп атап өтті автоматтандырылған басқару жүйелері басқармасының бастығы Павел Чесноков. – Бұл қазандықтың техникалық жай-күйін және 3-ЖЭО-ның операциялық тиімділігін айтарлықтай жақсартып қана қоймай, сонымен қатар қазандықтың жұмыс режимін оңтайландыру, оның қызмет ету мерзімі мен тиімділігін арттыру,  тұтастай станцияның сенімділігін арттыру мүмкіндігін береді».

​Сонымен қатар, өндірісті автоматтандыру жедел персонал үшін заманауи, автоматтандырылған жұмыс орындарын құруға жағдай жасайды.

Жылумен жабдықтау сенімділігін арттыру

​Қазандық цехын автоматтандырумен қатар, биыл станция қызметкерлері станцияның турбина цехында жылу желісіне автоматтандырылған басқару жүйесін орната отырып, жылу желісін толықтыру схемасын ауқымды қайта құрылымдауды іске асырды.

Цифрлық жүйе барлық технологиялық процестерді оңтайландыру және мұқият бақылау мүмкіндігін береді. Жоба бойынша ескірген жабдықты, оның ішінде сорғыларды, құбырларды, бақылау-өлшеу құралдарын, ілмекті арматураны толығымен ауыстыруды көзделген.

Бұл қайта құрылымдау жұмыстарының басты мақсаты - қалалық жылу желілері мен Павлодардың Солтүстік аймағының өнеркәсіптік кәсіпорындары үшін екі тәуелсіз толықтыру схемасын құру. ​

Павел Чесноков атап өткендей, мұндай бөлу желілердегі ақауларды жедел анықтап,  жөндеуге кепілдік береді, жабдықтың сенімділігін арттырып, станцияның қауіпсіз және үнемді жұмысын қамтамасыз етеді.

Бұл кешенді жаңғырту «ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ-ның инновацияларға және Павлодар тұтынушыларын тұрақты, сапалы және қауіпсіз жылумен қамтамасыз етуге деген ұстанымын айқын көрсетеді.