«ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ қызметкерлері, кәсіподақ мүшелеріне арналған жыл сайынғы спорттық іс-шара өткен демалыс күндері №29 мектептің спорт залында өткізілді. Іс-шара ұйымдастырушысы «Павлодарэнерго қызметкерлерінің жергілікті кәсіподағы» ҚБ.

 «Павлодарэнерго» кәсіподағы  спортпен шұғылдануға және отбасы денсаулығын қалыптастыруға ерекше көңіл бөледі. Биыл жеңіс мәресіне жету үшін қатысушылар 7 кезеңнен тұратын кедергілерге төтеп берді, сынақтарды орындау кезінде қатысушылар жылдамдықтарын, ептіліктерін, пысықтығы мен тапқырлықтарын көрсетті.
Жарыс көңілді әрі қызықты өтті, спорт залында мереке, энергия және екпін атмосферасы орнады.

Жарыс қорытындылары бойынша үш жеңімпаз анықталды. Бірінші орынды Виктория Синогейкинаның отбасы («ПЭТК» АҚ) иеленді; екінші орынға Гульмира Куанованың отбасы(«ПЭТК» АҚ); үшінші орынға Надежда Германның отбасы (АО «ПРЭК») ие болды.

Эстафета жеңімпаздары грамоталар мен ақшалай сыйлықтармен марапатталды, сондай-ақ қатысушылардың балалары жеке марапатқа ие болды.

 - Спорт, біздің қызметкерлеріміздің салауатты өмір салты, ұрпақтар сабақтастығы -   жылдар бойы әрқашан кәсіподақтың басым міндеттерінің бірі болды. Мұндай отбасылық іс-шаралар ата-аналар мен балалар арасындағы бірлік пен татулық қасиеттерін нығайтып қана қоймай, өскелең ұрпаққа шынайы отбасылық құндылықтар ұғымын жеткізіп, оларды салауатты өмір салтына баулиды, –  деп қорытындылады «Павлодарэнерго» кәсіподағының төрағасы  Балтабек Толеубаев.