Жыл сайынғы «Мамандық үздігі» байқауы шебер әрі білікті мамандарды анықтады. Байқауда «ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ оқу орталығының базасында компаниялар тобының еншілес кәсіпорындарының электрмонтерлері мен электрслесарлары кәсіп үздігі атағы үшін күресті.
11 қазан күні «ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ оқу орталығының қабырғасында түрлі кәсіпорындардың энергетиктері кездесті. Конкурс қауіпсіздік техникасы бойынша тестілеу, мамандық бойынша теориялық сұрақтар және электр тізбегін жинау бойынша практикалық тапсырмалар сияқты бірнеше кезеңнен тұрды. Байқау қызу бәсекелестікте өтті, барлық қатысушылар кәсіпқойлықтарын ғана емес, сонымен қатар тапқырлықтары мен салқынқандылықтарын көрсетті.
«Біз жыл сайын «ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ қызметкерлері арасында бұл байқауды түрлі мамандықтар бойынша өткіземіз. Байқау бәсекелестік рухын сақтау мүмкіндігін беріп, мамандық бойынша жоғары жетістіктерге жетуге ынталандырады. Биыл қатысушылар саны көп емес. Өкінішке орай, станциядағы жөндеу жұмыстарының күшеюіне байланысты «Экибастузтеплоэнерго» ЖШС қызметкерлері келе алмады, олар конкурсқа жүлделі орындарға жиі ие болған мықты кандидаттарды ұсынатын. Оларды келесі жылы өткізілетін байқауда көреміз деп үміттенеміз», - деді оқу орталығының бастығы Наталья Семенова.
«Мамандық үздігі» конкурсының қорытындылары бойынша үш жеңімпаз анықталды. 3-ЖЭО кабель желілерін жөндеу және монтаждау жөніндегі электрмонтер Антон Матвеев үздіктердің үздігі болып танылды.
Екінші орынды «ПЭТК» АҚ қалалық электр желілері кәсіпорнының шұғыл көшпелі бригадасының электрмонтері Кайрат Казымбаев иеленді.
2-ЖЭО №5/2 электр цехының электр машиналарын жөндеу жөніндегі 6-разрядты электрслесарі Мұрат Ахметов қола жүлдегер атанды.
«Жеңімпаздарды құттықтаймын және қатысқандары үшін алғысымды білдіремін. Бүгінгі жарыс барлық қатысушылардың шын мәнінде мықты, қайсар, сенімді әрі кәсіпқой екендігін көрсетті. Дегенмен, әрқашан білімге деген ұмтылыс болуы қажет. Сіздерді келесі жылы біздің кәсіби байқауда тағы да көреміз деп үміттенемін», - деп жарысты қорытындылады «ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ қызметкерлермен жұмыс жөніндегі басқармасының бастығы Людмила Смирнова.