«ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ-ның атаулы стипендиясын алуға арналған студенттік жұмыстар конкурсы ертең, 2022 жылғы 15 қарашада басталады. Студенттер арасында студенттік жұмыстардың тақырыптарын бөлу тікелей оқу орнында болады.
Конкурсқа қатысу үшін не қажет:
- «ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ-ның атаулы корпоративтік стипендиясын алу үшін студенттік жұмыстар конкурсына қатысу шарттарына сәйкес өтінімді ресімдеу,
- оқу орны бойынша уәкілетті қызметкерге ресімделген өтінімді ұсыну,
- студенттердің барлық жиналған өтінімдерін «ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ-ның персоналмен жұмыс жөніндегі басқармасына 2022 жылдың 20 желтоқсанына дейін қолма-қол жіберу.
Маңызды! Таңдалған тақырып бойынша бір студенттік жұмысты жазуға тек 1 студент қатысуы керек. Ресімделген студенттік жұмыстарды «ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ-ға, сондай-ақ электрондық түрде қайталай отырып, N.Semenova@pavlodarenergo.kz мекенжайына 2023 жылғы 18 наурызға дейінгі мерзімде жіберу керек.
Студенттік жұмыстарды күндізгі қорғау «ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ-да 2023 жылғы 20 мамыр мен 30 маусым аралығында өтеді.
Конкурстың жеңімпаз студенттері 2023 жылдың 1 қыркүйегінен бастап компанияның атаулы стипендиясын алу құқығына ие болады (1 академиялық жыл - 10 ай мерзімге).