Күнтізбелік 2022 жыл аяқталып, оны қорытындылау уақыты да келді. Өткен жылы компаниялар тобымен жазғы жөндеу кампаниясы барысында және одан басқа көптеген жұмыстар атқарылды.

«ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ

Павлодар 3-ЖЭО инвестициялық жобаларының қатарында № 1 қазандық агрегатының ауа жылытқыш текшелерін реконструкциялау жұмыстарының орны айрықша. Ауа жылытқыш текшелерін қайта құрылымдау ауа жылытқыштың күлдік тозуын төмендетіп, пайдалану мерзімін ұзарту үшін қажет.

Бірақ ең маңызды жоба – бұл 4 желтоқсан күні 3-ЖЭО-дағы екінші түтін мұржасының темірбетон оқпаны  құрылысының аяқталуы болып табылады. Бұл күннің мәні ерекше, өйткені дәл 50 жыл бұрын, 1972 жылғы 2 қазан күні 3-ЖЭО-да алғашқы қазандық пен алғашқы турбоагрегат іске қосылған.

Түтін жолы бар жаңа темір бетон құбырды пайдалануға енгізу № 5 және 6  қазанагрегаттарды жобалық жұмыс сызбасына көшіруге мүмкіндік береді.

«ПЭТК» АҚ

Жалпы ұзындығы 17,84 км 10 кВ электр тасымалдау кабельдік желілерінің құрылысы. Жұмыс жобасына сәйкес 10 кВ электр тасымалдау кабельдік желілерін салу, оның ішінде қолданыстағы  10кВ  6 кабельдік желіні толықтай ауыстыру және 7 жаңа 10 кВ кабельдік желілерді монтаждау жоспарланған.

2022 жылы Павлодар қаласындағы 10/0,4кВ трансформаторлық қосалқы станциялардың 13 ғимаратын, Ақсу қаласындағы 10/0,4кВ трансформаторлық станциялардың 10 ғимаратын, Ленин ауылындағы 3 ғимаратын, Шарбақты ауданындағы 1 ғимаратын қайта құрылымдау жұмыстары орындалды.

Электр энергиясын тұтынушыларды электрмен жабдықтау сенімділігін және жаңа тұтынушыларды қосу мүмкіндігін арттыру, сонымен бірге Тереңкөл ауданындағы тұтынушылардың қуаттылығын жоғарылату мақсатында –  2021 жылдан 2022 жылға дейінгі кезеңде  қолданыстағы электр беру желісіне параллель ұзындығы 18,637 км болатын 35кВ әуе желісі салынып, оның ішінде 2022 жылы 9,97 км орнатылды.

110/10кВ «Солтүстік-қалалық» қосалқы станциясының құрылысына байланысты жұмыстар жалғасуда.

 «Павлодар жылу желілері» ЖШС

2022 жылы инвестициялық жобаларды іске асыру аясында «Павлодарские тепловые сети» ЖШС №616 А жылу камерасынан Камзин көш., 64  тұрғын үйінің кіреберісіне дейін ұзындығы 173 метр жылу желісін, сонымен қатар  №616 жылу камерасынан №616/21 жылу камерасына Камзин көш., 80-ге дейін ұзындығы 83 метр желі учаскесін қайта құрылымдауды жүзеге асырды.

Сонымен бірге, инвестициялық бағдарлама шеңберінде 2022 жылы жалпы сомасы 110 млн. теңге 4 дана техника (JCB экскаватор-тиегіші, ГАЗ шассидегі  автошеберханасы, КамАЗ базасындағы вакуумдық машина, МАЗ ернеулік жартылай тіркемесі) сатып алынды.

№3 сорғы станциясын қайта құрылымдау шеңберінде оны Лесозавод және Радиозавод ықшам аудандарын жылумен жабдықтау үшін орталық жылу пунктіне қайта жабдықтауға байланысты ауқымды жұмыстар жалғасуда.