Павлодар 3-ЖЭО-сында 2014 жылғы 4 тамызда №2 қазандықтың бу құбыры жарылғаннан кейінгі қалыпқа келтіру жұмыстары аяқталды.
3-ЖЭО-да болған штаттан тыс жағдайдан соң №2 қазандығының басты бу құбырының диагностикасы жүргізілді. Құбырдың жеті иілімінің ақаулары табылды (d 273, қабырғасының қалыңдығы - 32 мм). Қалыпқа келтіру жұмыстарының шеңберінде №2 қазандық жабдығына қайта жаңарту жүргізіліп, Белгород (РФ) қаласына тапсырыс жасалып, жеткізілген жеті жаңа иілім орнатылды. Бақылау іс-шаралары аяқталды. 19 қыркүйек күні қазандықты гидравликалық сынау жүргізілетін болады. Жақын арада, шамамен дүйсенбі күні 3-ЖЭО-ның №2 қазандығы іске қосылады. Сөйтіп, 2014 жылғы 22 қыркүйекте 3-ЖЭО-да барлық үші қазандық агрегаты жұмыс істейтін болады, біреуі –резервте, бұл қазіргі уақытта станция тұтынушыларын жылу және электр энергиясымен қамтамасыз ету үшін жеткілікті болып табылады.