13 жылдан астам уақыт бойы Ирина Викторовна «Павлодарэнергосбыт» ЖШС Ертіс учаскесінің кассирі қызметін атқарып келеді. Маманның айтуы бойынша, жұмыс күрделі, бірақ өте қызықты.
- Кассир – кәсіпорынның бет-бейнесі деп айтуға болады. Себебі, біз келушілерді қарсы алып, адамдармен жұмыс жасаймыз, сондықтан сыпайы әрі жайдары болу өте маңызды. Бұл үлкен эмоционалдық шығындарды талап етеді, - деп бөлісті Ирина Варина.
Вариндер отбасында үш бала бар, үлкендері жеке, ал кіші қызы ата-анасымен бірге тұрады. Ертісте 23 жылдан бері тұрады. Биыл қыс қарлы болды, ал күннің күрт жылынуы ауқымды су басуға әкелді, ауыл тұрғындары мұндай су тасқынын бұдан бұрын көрген емес.
- Наурыз айының соңында жан-жақтан көршілерден, барлық бау-бақшалардан, аулалардан су келе бастады.Жер әлі мұзды болғандықтан судың кететін жері жоқ. Бақытымызға орай жиһаз бүлінген жоқ, - деп баяндады Ирина.
Қаладан әкелінген қождың көмегімен су ағынын үйден аулақ ығыстырдық. Ауа-райы жылынғаннан кейін Ирина жұбайымен бірге үйді, едендерді кептіріп, жөндеу жұмыстарын жүргізуді жоспарлап отыр.