Өткен демалыс күндері «Жұлдыз» стадионында «ПАВЛОДАРЭНЕРГО» компаниялар тобының қызметкерлері, сондай-ақ жергілікті кәсіподаққа кіретін кәсіпорындар қызметкерлері арасында футболдан жарыс өтті. Жарысты «ПАВЛОДАРЭНЕРГО» энергожүйесі қызметкерлерінің жергілікті кәсіподағы ұйымдастырды.
«ПАВЛОДАРЭНЕРГО» қызметкерлерінің арасында ең сүйікті спорт түрі – бұл футбол және солай болып қала береді. Міне, осы жолы да Конституция күнін мерекелеу қарсаңында дәстүрлі турнирге алаңға 5 команданы жинады. Ойын қызу тартыспен өтті. Турнирдің қорытындысы бойынша бірінші орынды «Каустик» АҚ, екінші орынды «ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ, үшінші орынды «УПНК» ЖШС («Мұнай коксын қыздыру қондырғысы»), төртінші және бесінші орынды «ПРЭК» АҚ және сәйкесінше Шарбақты АЭЖ командасы иеленді.
Сонымен қатар, турнир барысында үздік ойыншылар марапатталды. «Каустик» АҚ техникалық қадағалау бөлімінің бастығы Антон Ким Үздік шабуылшы атанды, «ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ 3–ЖЭО қазандық тазалаушысы Денис Демин Үздік қорғаушы болып танылды, «УПНК» ЖШС №1 цехының технологиялық қондырғылар операторы – Әділет Қайырбай үздік қақпашы атанды.
- Кешенді жарыстар бұқаралық спортты дамытуға, қызметкерлер арасында салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған. Сонымен қатар, олар жарысқа қатысушылар арасында достық қарым-қатынас пен корпоративтік рухты нығайтады, - деп атап өтті «Павлодарэнерго» энергожүйесі қызметкерлерінің жергілікті кәсіподағы» ҚБ төрағасы Балтабек Төлеубаев.
Жарыстың барлық қатысушылары тамаша дене дайындығын, жоғары командалық рухты және жеңіске деген ерік-жігерін көрсетті. Үздік ойыншылар, сондай - ақ барлық жеңімпаз командалар ақшалай сыйлықтармен және грамоталармен марапатталды. Бірақ басты сыйлықтар, әрине, жақсы көңіл-күй мен достық атмосфера болды, бұл әр қатысушыға жылы әсер қалдырды.