«ПАВЛОДАРЭНЕРГО» компаниялар тобында инвестициялық бағдарламаны іске асыру туралы энергетиктердің, журналистер мен ТМРКД басшылығының қатысумен өткен пресс-тур барысында айтылды.
«ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ
«3 млрд 227 млн 946 мың теңге – бұл 2018 жылы «ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ үш станциясының инвестициялық бағдарламасын іске асыруға жоспарланған жалпы сома. Оның ішінде ТМРКД-мен бекітілген инвестициялық бағдарлама шеңберіндегі жобаларға салымдар 1 517 840 теңгені құрайды», - деп әңгімелеп берді «ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ бас директорының өндіріс жөніндегі орынбасары Вадим Лесин.