18-23 сәуір аралығында жылу беру маусымы ресми аяқталғаннан кейін қала әкімдігінің қаулысына сәйкес «Павлодарские тепловые сети» ЖШС «ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ-ының 2-ЖЭО және 3-ЖЭО—дан қуатталған жөндеу алдындағы жылу желілерінің беріктігіне гидравликалық сынақ жүргізді.
Осыған байланысты Павлодар қаласының солтүстік желілік ауданының тұрғын үйлерінде ыстық сумен жабдықтау тоқтатылды.
Гидравликалық сынақтардың нәтижелері бойынша 67 зақым анықталды, оның ішінде 10–ы магистралдық жылу желілерінде, 57– сі орамішілік желілерде.
Бүгін, 25 сәуірде таңертең техникалық шарттар бойынша бұған мүмкін болатын үйлер мен әлеуметтік нысандарға жылу желісін толтыру және ыстық су беру басталды.
Жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу және үйлерді ыстық сумен жабдықтауға қосу тізімдері «ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ ресми сайтында «Жоспарлы ажыратулар» бөлімінде жарияланады.