1-6 тамыз аралығында "Қазақстан Алюминийі" АҚ ЖЭО–1-ден қуатталған жылу желілері гидравликалық сынақтан өтті, нәтижесінде Оңтүстік желілік ауданның (бұдан әрі - ОЖА) үйлері ыстық сумен жабдықтаудан (бұдан әрі-ЫСЖ) ажыратылды.
Павлодар қаласының әкімдігінде "Павлодарэнерго" АҚ және "Павлодар жылу желілері" ЖШС басшылығымен бірлесіп жұмыстардың қорытындысы бойынша кеңес өтті. 106 зақым анықталды (магистральдық желілер – 23, тоқсандық желілер – 83), осыған орай бүгінгі күні 334 көп қабатты үйде ыстық су жоқ (магистральдық желілердегі зақымданулар - 124 КПТҮ; ішкі желілердегі зақымданулар - 210 КПТҮ).
ЫСЖ-дан ажыратылған үйлердің тізімі, сондай-ақ жөндеу жұмыстарын жүргізу және үйлерді қосу кестесі "ПАВЛОДАРЭНЕРГО" АҚ ресми сайтында "Жоспарлы ажыратулар"бөлімінде жарияланған. ОЖА бойынша барлық зақымдарды толық жою ағымдағы жылдың 10 қыркүйегіне дейін жлспарланған.
Еске салайық, жылу желілерін гидравликалық сынау әлсіз жерлерді анықтауға және оларды жоюға көмектеседі. Сол арқылы желілерді жылыту маусымына дайындау өткізіледі.