Биылғы жылы Павлодар Электржелістік Тарату компаниясына 50 жыл толады. Павлодар Ертіс бойы электр желілері басқармасының өнімділігі әрқашан оның ұжымына тікелей байланысты болатын. Ал бұл жөнінен «ПЭТК» АҚ-ның жолы болғыш: оны құрып, дамытып, қиын-қыстау кезеңде сақтап қалып, қайта түлеткен, қазіргі күні де алға сүйреп келе жатқандар – өз ісінің шебер мамандары.
– Ойы бір жерден шығатын жандардың басы қосылған жерде жұмыс та оңай жүреді, – дейді сенімділікпен «Павлодар ЭТК» АҚ президенті Федор Бодрухин. – Біздің ұжымда адамдардың алар орны ерекше. Біз, тіпті, Павлодар электр желілері басқармасының құрылу датасын ҚазССР Министрлер Кеңесі өкімге қол қойған 1964 жылдың 16 қаңтарынан бастап емес, кәсіпорынның алғашқы басшысы тағайындалған 1964 жылдың 1 ақпанынан бастап есептейміз. Өйткені директорсыз жұмыс әлі басталмаған болатын. Бұл қызметке Владимир Григорьевич Тен тағайындалды. Бірінші бас инженер болып Тиберий Александрович Тальян бекітілді. Бұлар – аңызға бергісіз адамдар. Сол заманда энергетиктер арасында «Тальянша жасау» деген ерекше ұғым болатын. Оның мәні – түнімен ұйқтамай, өндіріс мәселесінде туындаған сұрақтың шешімін іздеп, табу болатын. Теннің орнына келіп, кәсіпорынды жиырма жылдан астам басқарған Георгий Васильевич Власовтың 90-жылдардың соңында маған әңгіме барысында айтқан мына сөздері есімде сақталып қалды: «Біздің ұжымның қандай тұрақты екенін қарашы! Сен қазір бас инженерсің. Василий Иванович Леньков – директор. Ал сендер өздеріңнің басқарма құрылып, жұмыс жасаған отыз жыл ішіндегі үшінші ғана буын басшылар екендеріңді білесіңдер ме?» Расымен де, ұжымның негізгі құрамында уақытша не кездейсоқ келіп қалған адамдар болған емес. Әрбірі бар білімі мен күшін сарқа жұмыс жасайтын. Өздері үйрене жүріп, өзгелерге де үйрететін. Бастысы, өте көп еңбек сіңіретін.
Басқарма құрылғаннан кейінгі алғашқы онжылдықтарда аймақтың электр желілері құрылысы жүрді. Кәсіпорынның бар ақыл-ой күші басты мәселе – Ертіс бойын электр энергиясымен үздіксіз қамтамасыз ететін электр жүйелерін қалай сақиналандыруға болатынын табуға жұмыс жасады.
1964 жылға дейін Павлодар энергетикасы шашыраңқы болатын. Көптеген аудандарда желілерді жергілікті биліктің өздері құрып, өздері қызмет жасайтын. Басқарма бірте-бірте солардың бәрінің басын қосып, электр желілерінің көлемін бүкіл облыс бойынша көбейте бастады. Бүгінде «ПЭТК» АҚ-на қарасты 179 ірі қосалқы станция, 16 мың километр электр желілері бар. Электрмен жабдықтау жүйесі жұмыс жасап тұр. Оның бойымен адам денесі арқылы қан жүгіргендей, электр тоғы үздіксіз өтіп жатыр.
– Біздің аймақта электр энергиясы желілерін жүргізген азаматтардың көбін атап өткім келеді. Олар – Василий Макарович Тимонов, Владимир Михайлович Шнееров, Виктор Иванович Рыжих, Леонид Павлович Лобченко, Виктор Никифорович Радченко, Валентин Томасович Видман, Николай Дмитриевич Кузнецов, Ғазиз Нәжімеденұлы Бекмұхамбетов, Александр Анатольевич Заседателев, Анатолий Петрович Суров, Сағадат Тұрсынбекұлы Жанәбілов және өзге де кәсіпорынға көптеген еңбек сіңірген азаматтар, – дейді Федор Фролович. – Аудан, сала басшылары есімдерінің артында мықты дайындықтан өткен, өз ісін жетік білетін электромонтерлер, электрослесарлер, есепшілер, станция кезекшілері, жабдықтаушылар, жүргізушілер тұр. Олар тәуліктің кез-келген уақытында, кез-келген ауа райы жағдайында аса қиын апаттық жағдайлардың зардабын жоюға өз көмектерін тигізген.
Өткен ғасырдың 90-жылдар ауыртпалығы энергетиктерді де айналып өткен жоқ. Тұтынушылардың жиналып қалған қарыздарына орай, мәжбүрлі түрде электр энергиясын уақыт-уақытпен үзіп тастаған кезеңдерді әлі ешкім ұмыта қоймаған болар. Осы кезеңде аймақ басшылығы аудандық электр желілерін жергілікті атқарушы органдарға беруге шешім қабылдады.
1998 жылы ПЭТК тарихы ақ парақтан басталды. 2 наурыз күні «Павлодарэнергосбыт» АТАҚ құрылып, кейін ол «ПЭТК» АҚ-на айналды. Осы сәттен бастап аудандық электр желілері үшін де, бүкіл құрылым үшін де тарих сағатының тілдері жаңадан жүре бастады.
– ПЭТК-ның барлық кәсіпорындары қиын замандарға қарамастан, жақсы жағдайда болатын. Ал біз аудандардан алған желілер болса, мүлде жөндеу жұмыстары жүргізілмегендіктен, тозып, жүдеп қалған еді, – дейді әңгімесін жалғаған Федор Бодрухин. – Электр желілерін қарамағымызға қайтарған алғашқы екі-үш жыл бойы біз қаржы құйып, оларды қайта аяққа көтеруге жұмыс жасадық. Бұл қайта құру ісінде де маңызды рольді адамдар – қиындықтар шыңдап, қайраттандыра түскен ұжымымыз ойнады. Біз үшін сабақтастықтың алар орны зор, біз өз кәсіпорнымыздың тарихын, өз батырларымызды жақсы білеміз. Өкініштісі, Павлодар энергожелілерін құрысқан жандардың көбі бүгінде ортамызда жоқ. Бірақ біз оларды ұмытқан емеспіз. Ол адамдарға мың алғыс. Бізде, сондай-ақ, энергожүйеде ұзақ жыл қызмет атқарып, бүгінде де осында еңбек сіңіріп жатқан азаматтар бар. Мәселен, Николай Гаврилович Монастыренко салада 53 жылдан бері қызмет етеді. Геннадий Иосифович Кадкин, Владимир Степанович Моругий, Виктор Михайлович Величконы да атауға болады. Жақында ғана Фаина Васильевна Аксёнова зейнет демалысына шықты, алайда ол әліге дейін біздің жұмысымызға белсенді түрде көмек беріп жүр.
«ПЭТК» АҚ қызметкерлері өз өткенін мақтанышпен еске алып, бүгінгі жетістіктерге қуанады, болашаққа зор сеніммен қарайды.
«ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ қоғаммен байланыс бөілімі