«ПЭТК» АҚ инвестициялық бағдарламасын орындау аясында Павлодарда үш өндірістік ғимарат пен құрылысты қайта құрылымдау және дамытуға байланысты жұмыстар жүргізілді.

Мәселен, «Монолит-строй ПВ» ЖШС мердігерлік ұйымы жұмсақ шатырды пішінді қаңылтыр металл шатырға ауыстыру бойынша жұмыстарды жүргізіп, қасбетті ағарту, Заслонов көш., 63 мекенжайындағы ТП-326,  Сейфулин көшесі, 63  (№26 мектеп)  мекенжайындағы ТП-63,  Гагарин көш., 64  мекенжайы бойынша орналасқан ТП-242 трансформаторлық қосалқы станцияларының металл есіктері мен бөлшектерін сырлау сияқты жұмыстарды іске асырды.

Тұтынушылардың көзделген тарифтік қаражаты шеңберінде трансформаторлық қосалқы станцияларда орындалған барлық жұмыстар ғимараттардың сыртқы көркін әрлеу үшін ғана емес, құрылыстарды сыртқы әсерлерден қорғау үшін жүргізіледі. Бұл шаралар объектінің қызмет ету мерзімін ұзартуға мүмкіндік береді.