Құрметті Павлодар тұрғындары!
Әлеуметтік желілерде жылу энергиясына төлемдердің өсуіне қатысты шағымдар жиілеп кетті. Қызмет құнының өзгеруіне келесі факторлар әсер еткенін хабарлаймыз:
1. Ағымдағы жылдың 1 қаңтарынан бастап инвестициялық міндеттемелерді орындауға және жыл сайынғы инфляция деңгейіне байланысты тарифтің өзгеруі орын алды (есептеу аспабы бар тұрмыстық тұтынушыларда 1 Гкал үшін 2050,57 теңгеден 2672,89 теңгеге дейін ұлғайтылды; есептеу аспаптарымен жабдықталмаған үйлерде тариф 1 Гкал үшін 3145,70 теңгеден 3473,92 теңгеге дейін ұлғайтылды).
2. Сыртқы температураның өзгеруі де жылу энергиясының нақты тұтынуына әсер етеді. Мәселен, төмен температурада тұрғын үй қорындағы жылу шығыны жалпы есептеу құралдары бойынша артады, сәйкесінше төлем де көбейеді. Күзгі кезеңде ауаның орташа температурасы +5, +7 градус, қыста -12, -15 градус болды.
Қала тұрғындары толығырақ ақпаратты «Павлодарэнергосбыт» ЖШС байланыс орталығынан біле алады. Көп арналы телефон нөмірі: 8 (7182) 903-309.