«Кәсіпорынның әр қызметкері үйге аман-сау оралуы қажет» - осы ұранмен «ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау басқармасы күнделікті өз жұмысын жүргізуде. Басқарма мамандарының негізгі міндеті – бұзушылықтарды анықтау, еңбек жағдайларын жақсарту, қызметкерлерді даярлау және т.б..
ЕҚжЕҚ мамандары күнделікті заңнамаға сәйкес өндірісте, еңбекті қорғау саласында жазатайым оқиғалардың алдын алу бойынша жұмыстарды жүргізеді. Соңғы кездері 3-ЖЭО және 2-ЖЭО қазандықтары мен турбоагрегаттарына ағымдағы жөндеуді жүзеге асыратын мердігер ұйымдардың қауіпсіздік техникасын сақтауын бақылау күшейе түсті. ЕҚжЕҚ басқармасының мамандары «САЭМ» ЖШС мердігерлік ұйымы әріптестерімен бірлесіп объектілерді күнде тексереді. Жүктелім-рұқсат беру жүйесіне, жұмыс аумағының сыртқы түріне, алаңдардың жарықтандырылуына, арнайы киім мен жеке қорғану құралдарының болуына ерекше назар аударылады. Қауіпсіздік техникасын сақтамау анықталған жағдайда бұзушылықтар мердігер ұйымның басшысымен өткізілетін кеңесте тіркеліп, талданады. Сонымен бірге өндірістік процесс барысында табиғи тозуға ұшыраған алаңдарды, қоршауларды қайта құрылымдау және жөндеу жұмыстары жүргізілуде.
Биіктікте жүргізілетін жұмыстарды күнделікті қатаң бақылау іске асырылады, бұл бұзушылықтар фактілерін нөлге дейін дерлік төмендетуге мүмкіндік берді. Биіктікте жұмыстарды орындау кезінде жөндеуді іске асыратын персонал қауіпсіздік талаптарын тиісінше орындауда.
Жөндеу жұмыстарын жүргізу кезінде қауіпсіздік техникасын бұзу – ЕҚжЕҚ басқармасының қызметкерлері үшін әрдайым ТЖ болып табылады - учаскеде бұзушылықтар анықталған жағдайда жұмыстар тіпті толықтай тоқтатылуы мүмкін. ТҚ сәйкессіздігі тіркеледі. Егер қызметкер қаскөй бұзушы болмаса және бұдан бұрын оның тарапынан бұзушылықтар байқалмаса, қызметкермен түсіндірме әңгімелесу жүргізіледі. ЕҚжЕҚ мамандарының нұсқауы бойынша өндірістік кеңесте құрылымдық бөлімшелердің басшылары анықталған бұзушылықтар және оларды жою әдістері тақырыбында жоспардан тыс нұсқама жүргізеді, қажет жағдайда техникалық қауіпсіздік ережелерін бұзған қызметкердің білімін кезектен тыс тексеру іске асырылады. Көрнекілік үшін жарақаттанудың алдын алу үшін жұмыс орындарындағы жазатайым оқиғалар туралы ақпараттық бюллетеньдер қолданылады. Әр қызметкер объектіге шыққан кезде арнайы киіммен және қауіпсіз жұмыс істеу үшін қажетті жабдықтармен толық көлемде жабдықталған.
Биыл қызметкерлердің қауіпсіздік техникасы білімін тексеруге арналған емтихандардың барысы да қатаң бағаланады. Енді тесттерден басқа, емтихан алушылар ауызша жауап алу үшін маманға сұрақтар қояды, бұл қауіпсіздік талаптарын білуді ғана емес, қызметкерлердің оларды дұрыс түсінуін де анықтауға мүмкіндік береді.
«Номенклатуралық іс-шаралар жеке бап болып табылады, олар цех қызметкерлерінің қауіпсіз жұмыс жағдайларын жақсарту мүмкіндігін береді. Басқармада сонымен қатар ғимараттар мен құрылыстарды тиісті жағдайда ұстау және оларды суық түспес бұрын жылытуға байланысты жұмыстар атқарылуда. Жұмысшылардың арнайы киімдері де өзгеріске ұшырайды, күртеше үлгісін өзгерту цех қызметкерлеріне жайлы әрі ыңғайлы қозғалуға мүмкіндік береді, бұл қауіпсіз еңбек жағдайында аса маңызды. Форма үлгісін өзгерту қызметкерлермен тікелей талқыланып, пысықталды және осыған сәйкес ұсыныс «ОАЭК» АҚ-на жіберілді, онда жаңартылған үлгінің соңғы нұсқасы бекітілді» - дейді «ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау басқармасының бастығы Андрей Турков.
Сонымен қатар, медицина қызметкерлері бекітілген кестеге сәйкес қызметкерлермен оқыту жұмыстарын жүргізеді. Цех қызметкерлеріне улану, биіктіктен құлау және т. б. кезіндегі алғашқы көмек көрсету дағдылары үйретіледі. Теория мамандандырылған робот-тренажерда тәжірибелі түрде пысықталады.
Кәсіпорын қызметкерлері арасында респираторлық аурулардың алдын алу мақсатында қазан айында қызметкерлерді ерікті вакциналау жүргізілді. Басқарма бүгінгі таңда сырқаттанушылық мәселесі өзекті болып қалып отырғанын атап өтті. Алғашқы медициналық көмек қобдишаларын уақытылы толтыруға ерекше назар аударылады. ЕҚжЕҚБ облыстың санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментімен консультациялық іс-шаралар және қызметкерлерді вакциналау мәселелері бойынша белсенді өзара әрекеттестікте.
Жақында еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау басқармасының мамандары TUV сыртқы аудитінен сәтті өтіп, тиісті сапа сертификатын алды, «ОАЭК» АҚ комиссиясы басқарманың жүргізіп жатқан жұмысына оң бағасын берді.