«Орталық-Азия Электроэнергетикалық Корпорациясы» АҚ-ның еншілес компаниясы – «ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ «Павлодар 3-ЖЭО-н» қайта құруды жалғастыруда. Негізгі құрылғыларды жөндеу және ауыстыру жұмыстары 2009-2016 жылдар аралығына есептелген, жоба бюджеті – 48,7 млрд. теңге.
3-ЖЭО инвестициялық бағдарламасын қаржыландырудың негізгі көздері:
1. Өз қаражаты (электр энергиясының шектік тарифінің есебінен) – 30,2 млрд. теңге
2. Облигациялық қарыз – 8 млрд. теңге
3. Еуропа Қайта Құру және Даму Банкінің қарызы – 10,5 млрд. теңге
Бұл жайында Павлодар облысының әкімі Қанат Бозымбаевтың 3-ЖЭО жұмысымен танысуы барысында «Орталық-Азия Электроэнергетикалық Корпорациясы» АҚ өндіріс жөніндегі вице-президенті Олег Перфилов әңгімеледі.
Павлодар 3-ЖЭО құрылғыларын жаңғырту бағдарламасын жүзеге асыру жұмыстарының нәтижесінде станцияның белгіленген электр қуаты 540 МВт-ты құрайтын болады. Турбиналық цех құрылғылары 90 пайыз жаңартылып, турбиналар мен қазандықтардың пайдалы әрекет коэффициентін арттыру арқасында отынның бөлшектік шығыны 5 %-ға төмендейді.
«Біздің компания электр энергиясының шектік тарифтер бағдарламасы арқасында Қазақстан энергетиктерінде пайда болған мүмкіндіктерді толықтай пайдалануда. Бұл бүгіннің өзінде бізге ескірген құрылғылардың айтарлықтай бөлігін жаңартып, сол арқылы КСРО заманында қол жеткен электр жүктемесінің ең жоғарғы деңгейінен асуға мүмкіндік берді», – деп мәлімдеді Олег Перфилов.
Облыс әкімі, ТМД-ға еңбегі сіңген энергетик Қанат Бозымбаев 220 кВ «ЕЭК-Промышленная-Павлодарская-ЕЭК» сақинасының сызбасына сай Павлодар энергожелісін Қазақстан бірыңғай энергетикалық жүйесімен байланыстыруды күшейту жобасына ерекше қызығушылық танытты.
Бұл жоба Павлодар энергожелісі энергожүйесі жұмысының сенімділігін арттырып, сондай-ақ, жаңғыртылғаннан кейін 3-ЖЭО өндіріп бастайтын қосымша электр энергиясын бірыңғай жүйеге жіберуге мүмкіндік береді.
Кездесу соңында энергетиктер Қанат Бозымбаевқа жылу-электр орталықтарының қысқы уақытта ең жоғарғы жүктемеде жұмыс жасауға толықтай дайын екенін мәлім етті.
«ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ Қоғаммен байланыс бөлімі