"Павлодарские тепловые сети" ЖШС «ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ-ның ЖЭО-2,3  қосылған жылу жүйелерін жөндеуден кейін, 2022 жылдың 08-нен 13-ші тамызы аралығында жылу жүйелерінде тығыздыққа гидравликалық сынауларды өткізеді.

Осыған байланысты 2022 жылдың 08-нен 13-ші тамызы аралығында Павлодар қаласының мына  көшелер шегіндегі тұрғын үйлерде ыстық су болмайды: Камзин к-сі – Малайсары батыр к-сі – Естай к-сі – Қ. Нүркин к-сі -  Ак. Марғұлан к-сі – Астана к-сі – Набережный к-сі – Хим.қалашығы -Мир к-сі – Торайғыров к-сі – С.Нұрмағамбетов к-сі, Лесозавод кенті, Солтүстік өнеркәсіптік аймақ.

Көрсетілген кезеңде белгіленген жылу жүйелері аумағында сақ болуды өтінеміз.

Ескертулер мен құқық бұзушылықтар болған жағдайда мына телефон нөміріне хабарласыңыздар: 57-07-51 («ПТС» ЖШС диспетчер қызметі); 62-34-55, 62-28-91 (эксплуатациялық аудан).