"Табиғи монополиялар субъектілерінің электрондық сатып алуы" бірінші форум-семинары 21 қазанда елордада өтті.
Форумға қатысушылар "ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитетінің", "Қазақстан электр энергетикалық Қауымдастығы" ЗТБ, "Атамекен" ҚР ҰКП, "Нарықты мониторингілеу және сараптау орталығы" өкілдері болды. Кездесуде "ПАВЛОДАРЭНЕРГО" АҚ атынан қатысқан өкілдер сатып алу басқармасының бастығы Равиль Жақыпов пен шарттар және тендерлерді ұйымдастыру бөлімі бастығының міндетін атқарушы Наталья Пинкова болды. Сондай-ақ энергетика саласындағы ҚР субъектілерінің 40 астам өкілі болды.
Кездесуде табиғи монополиялар субъектілерінің қызметті жүзеге асыру қағидаларының ашық мәселелері қаралды, сатып алу және жеткізу саласындағы процестерді басқарудың заманауи құралдары көрсетілді, бизнес - процестерді роботтандыру, автоматтандыру, цифрландыру мүмкіндігін беретін өнімдер таныстырылды.
- Бұл іс-шараның негізгі мақсаты тәжірибе алмасу болды, - дейді "ПАВЛОДАРЭНЕРГО" АҚ сатып алу басқармасының бастығы Равиль Жақыпов. - Әркімнің сатып алу кезінде кездесетін нюанстардың нақты мысалын талқылауға мүмкіндігі болды.
Айта кетсек, бүгінгі таңда көптеген нюанстар әлі де бар. Сондықтан кездесуде табиғи монополиялар субъектілерінің өкілдері бірлесіп ережелердің қолданыстағы версиясын жақсарту бойынша бірқатар ұсыныстар әзірлеп, қалыптастырды. Ұсыныстар уәкілетті органға жолданды.