Павлодар Қазақстан, Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан және Тәжікстаннан келген 1000-нан астам мотоәуесқойлардың жыл сайынғы "Иртышские зори" тақырыптық фестивалін жинады. Фестивальді ұйымдастырушылар - павлодарлық "Гараж" мотоәуесқойлар клубы - кездесу орны ретінде барлық байкерлерге ұнаған "Энергетик" демалыс үйін таңдады.
Фестиваль жетінші жыл қатарынан өткізіліп келеді, дәл осындай жылдар бойы "Гараж" клубы жұмыс істейді. Клуб мүшелері қала тұрғындарының ұйқысын бұзатын "түнгі бұзақылар" емес. Клубтың барлық мүшелерінің білімі, жұмысы, отбасы бар. Бірақ олардың ерекше бір белгісі бар - кез-келген уақытта әрбіреуі "Темір атқа" секіріп мініп, желге қарсы жарысқа түсуге дайын.
- "Менің бір арманым бар – бұл мотоциклмен алыс елдерге бару. Мен ауылдық жерде өстім және бала кезімнен мотоциклден түспедім. Клуб мүшесі бола отырып, бірнеше рет басқа қалаларға мотослеттерге бардым. Өткен айда, мысалы, Ридер қаласында ұқсас фестивальде мотоцикл жеңіп алдым", - деп ойымен бөлісті "Гараж" мотоцикл клубының қазынашысы Николай Кайдас.
"Энергетик" демалыс үйінде "Иртышские зори" мерекесін тойлау да жақсы дәстүрге айналған. Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай стандарттан тыс фестиваль үшін үлкен аумақ, ыңғайлы орналасу және сапа сияқты факторлар маңызды. Сондай-ақ, байкерлер мотоциклдерін қоя алатын арнайы аймақ бар. Ертіс өзенінің жанында демалыс үйінің ыңғайлы орналасуы қатысушыларға әсем жағалауда таңды қарсы алуға мүмкіндік береді, сонысымен бұл іс-шараны фестиваль деп толық атауға болады. Сонымен қатар, ашық аспан астындағы демалысты бағалайтындар үшін шатыр орнатуға мүмкіндік бар.
"Егер біз бір жерге баратын болсақ, онда біз үйлерде тұрмаймыз, қалалық, күнделікті жайлылық аймағынан аздап шығып, жағалауда, шатырда тұрамыз",- дейді Николай. - Фестивальде байкерлердің барлығы дерлік шатырларда түнейді, ал отбасымен бірге келгендер бөлмелерде жайғаса алады.
Фестивальді қала әкімдігінің және жол полициясы басқармасының қолдауымен Павлодар бойынша Мотожарыс ашты. Кейін демалыс үйінің аумағында фестиваль қатысушылары мотоциклді басқару ептілігімен жарысты, үлкен жүкті (тіркемесіз) жылжытуға тырысып, күш төзімділігін көрсетті, бір-бірімен араласып, өз әсерлерімен бөлісті. Ал кешке "Энергетиктің" басты сахнасында Павлодар, Новосибирск, Кемеров, Петропавлдың танымал рок - топтары өнер көрсетті. Сонымен қатар, қатысушылар жоба демеушілерінің сыйлықтар ұтысына қатыса алды. Бұл жолы фестивальдің басты жүлдесі лотерея форматында ойнатылған мотоцикл болды.