Жылу электро орталығы (ЖЭО) өнеркәсіптік және тұрғын үй объектілері үшін маңызды электр және жылу энергиясының көзі болып табылады. Сонымен қатар, ЖЭО көмір, газ, мазут және т. б. отынды көп мөлшерде тұтынады, бұл отын түрлері бу мен ыстық газдарды алу үшін қазандықтар мен турбиналарда жағылады. Отынның жануы көмірқышқыл газы, азот оксидтері, күкірт және қатты бөлшектердің атмосфераға шығарылуына әкеледі. Атмосфераға зиянды заттардың бөлінуіне жол бермеу үшін станцияларда қуатты сүзгілер орнатылады.
Жыл сайын станциялардың энергия тиімділігін арттыру, яғни электр және жылу энергиясын өндіруді сақтау немесе ұлғайту кезінде отын шығынын азайту қажеттілігі туындайды. Бұл отын шығындарын және қоршаған ортаға теріс әсерді азайтып, ЖЭО жұмысының сенімділігі мен қауіпсіздігін арттыруға мүмкіндік береді.
«ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ ЖЭО-да энергия үнемдеу мақсатында іс-шаралар кешені тұрақты іске асырылуда.