Өткен демалыс күндері Балалар спорт мектебі спорт кешенінде «Энергожүйе қызметкерлерінің жергілікті кәсіподағы» ҚБ ұйымдары - мүшелері арасында футболдан турнир өтті. Жарысқа бес команда қатысты: «ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ, «Павлодарские тепловые сети» ЖШС, «ПЭТК» АҚ, «Каустик» АҚ және «УПНК-ПВ» ЖШС.

Матчтарда энергетиктер үздік команда атағы үшін күресіп, жоғары кәсіпқойлық пен спорттық дайындық деңгейін және командалық рухтарын көрсете алды.

Ойындар сериясының қорытындысы бойынша «ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ құрамасы турнирдің жеңімпазы атанды, «ПЭТК» АҚ командасы күміс жүлдеге ие болды. Құрметті үшінші орынды «УПНК-ПВ» ЖШС командасы иеленді.

Марапаттау рәсімінде энергетиктер жергілікті  кәсіподағының басшысы Балтабек Толеубаев турнир қатысушыларын құттықтап, белсенділіктері мен ойынның жоғары деңгейі үшін алғысын білдірді. Ол мұндай спорттық іс-шаралар энергия жүйесі қызметкерлерінің денсаулығын, достығын және ұжымдық рухын нығайтуға ықпал ететінін атап өтті.

«Жыл сайын Энергожүйе қызметкерлерінің жергілікті кәсіподағы түрлі жарыстар, іс-шаралар мен ойындар өткізеді, онда кәсіподақтың әрбір мүшесі өз таланттары мен дағдыларын көрсете алады - теннис, шахмат, жүгіру, волейбол, марафондар - осының барлығы кәсіподақтың әр мүшесіне қолжетімді және біз барлығын бұқаралық іс-шараларға белсенді қатысуға шақырамыз», - деп атап өтті  Балтабек Толеубаев.

Энергетиктер жергілікті  кәсіподағынан турнир жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне кубок пен дипломдар және кәсіподақ мүшелеріне  ақшалай сыйлықтар табыс етілді.

«Энергожүйе қызметкерлерінің жергілікті кәсіподағы» ҚБ ұйымдары - мүшелері арасында өткен футбол турнирі ынтымақтастық және жайдарылық атмосферасында өтіп, барлық қатысушылар мен жанкүйерлерге жағымды эмоциялар мен әсер сыйлады