«ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ энергетиктері «ОАЭК» АҚ 15 жылдығына арналған тимбилдингке «Энергетик» демалыс үйінің аумағына жиналды. Бірінші орын үшін бес команда күресті. Қиын әрі қызықты күресте «Павлодарские тепловые сети» ЖШС қызметкерлері жеңіске жетті.
Кез-келген кәсіпорынның табысты жұмысының кепілдігі - біртұтас мақсаты, басымдықтары мен ұмтылыстары бар бүкіл ұжымның үйлесімді жұмысы. Тимбилдинг мақсаты ауызбіршілік сезімін күшейту, қызметкерлер арасындағы сенімді, ерік-жігер мен ұжымдық рухты дамыту. Тимбилдинг барысында «ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ, «ПЭТК» АҚ, «Павлодарские тепловые сети» ЖШС, «Павлодарэнергосбыт» ЖШС, «Экибастузтеплоэнерго» ЖШС-нің барлық өкілдері біртұтас командаға айналды. Командалар жүлделі орындар үшін қызу күресті, бірақ сыйлықсыз бірде-бір команда қалмады. Тимбилдинг қатысушыларға көптеген жағымды эмоциялар, әсерлер мен керемет көңіл-күй сыйлады. Кешке қонақтар үшін тағы да бір тосын сый ұйымдастырылды – екі метрлік алау, ыстық сорпа және арнайы шақырылған әртістер.
Таңертеңнен кешке дейін мерекелік атмосфера орнады. Өткізілген корпоративтік іс-шара команданың әрбір қатысушысының жеке қасиеттері мен мүмкіндіктерін ашып, айқындап, ұжымды біріктіріп, топтастырды. «ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ бас директоры әр командаға қатысқаны үшін, ұйымдастырушыларға еңбектері үшін және жанкүйерлерге қолдаулары үшін алғысын білдірді. «Біздің жабдықтарымыз темірден болса, ал адамдарымыз алтын!»- деп қорытындылады Олег Щемель.