«Павлодар ЭТК» - бұл Павлодар, Ақсу және облыстың барлық үйлеріне электр энергиясын жеткізу компаниясы. Энергетиктердің басты міндеті – энергияны сапалы түрде жеткізу, сондай-ақ нормативтік шығындарды барынша азайту. Осындай шығындардың негізгі себептерінің бірі кейбір тұтынушылар электр энергияны заңсыз пайдаланған кезде жіберген бұзушылықтар болып табылады. «ПЭТК» АҚ қызметкерлері бүгінгі күні жаңа технологиялар арқылы барлық бұзушылықтарды анықтауға мүмкіндік алды.
«Электр энергияны пайдалану қағидалары» бойынша мына бұзушылықтар болғанда, тұтынушыға еркін түрде бұзушылық туралы акт толтырып, оны ажыратады және қайта есептеу жүргізеді:
- энергия беруші (энергия өндіруші) ұйымның желілеріне өздігінен қосылу кезінде;
- электр энергиясын коммерциялық есепке алу құралынан (КЕҚ) басқа электр энергиясының қабылдағыштарын қосу кезінде;
- коммерциялық есепке алу құралының әйнегі мен қорабын зақымдануы кезінде;
- алғашқы немесе мерзімді салыстырып тексеруі туралы пломбаның (белгінің) қорытындысы немесе пломбалау құрылғысының болмауы, бұзылуы, зақымдалуы, сәйкес келмеуі кезінде;
- энергия беруші (энергия өндіруші) ұйымда пломба құрылғысының (пломбалау құрылғысының) болмауы, бұзылуы, зақымдалуы, сәйкес келмеуі кезінде;
- коммерциялық есепке алу құралының, ток пен кернеу трансформаторларын қосу схемасының өзгеруі кезінде;
- коммерциялық есепке алу құралы дискісінің жасанды тежелуі кезінде;
- коммерциялық есепке алу құралының көрсеткішін бұрмалайтын құрылғыларды орнату кезінде.
Қайта есептеу техникалық шарттарға сәйкес рұқсат етілген электр қуаты бойынша, ал техникалық шарттар болмаған жағдайда, тәулігіне 24 сағатты пайдалануды есепке алып, қосу коммутациялық аппаратының қуаты бойынша жүргізіледі.
Тұтынушы электрлік желіге бұзушылықтар жойылғаннан кейін және қайта есептеу төлемі мен қосылу үшін төлем өтелгеннен кейін қосылады.
Егер қайта есептеу сомасы толық немесе уақытында төленбесе, «ПЭТК» АҚ немесе «Павлодарэнергосбыт» ЖШС материалдарды сотқа береді. Нәтижесінде тұтынушы тек қайта есептеу сомасына ғана емес, сондай-ақ электр энергияға қосылу қызметі мен сот шығындарын да төлеуге мәжбүрлі болады.
Қайта есептеу кезеңі коммерциялық есепке алу құралы соңғы рет ауыстыру немесе оны қосу схемасының соңғы аспаптық тексеру күнінен бастап бүкіл уақыт ішінде анықталады, алайда ескіру мерзімінен аспауы қажет.
Ескіру мерзімі (үш жыл) аспаптыұ тексеріс болмаған жағдайда қайта есептеу ескіру мерзімі бойынша есептеледі. Атап айтқанда тұтынушы 16 ампер номиналды коммутациялық аппаратымен бұзышылық анықталған жағдайда қайта есептеу 92 590 кВт*с; 25 ампер номиналымен –144 672 кВт*с; 40 ампер номиналымен – 231 475 кВт*с құрайды. Ақшалай баламада энергетиктердің пайымдауынша бұл өте елеулі сома. Сондықтан қайта есептеуді жүргізу ережелері мен тәртібі ҚР-ның нормативтік-құқықтық құжаттарымен бекітіліп, тұтынушыларға жеңілдік санаты қарастырылмай, есептеуден босатылмайтындығын біліп жүру керек. Кез келген тәртіп бұзушы үшін электр энергиясы тоқтатылады.
Қорытындылай келе электр энергиясы – бұл тауар, сол қолданған тауар үшін кез келген басқа тауар, жұмыс, қызметтер сияқты ақысы өтелу керектігін ескерткіміз келеді. Өз отбасыңызды қосымша қаржылық шығындармен жүктемей, уақытында төлеуін сұраймыз.
Алена Калинка