Бүгін «ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ-ның экологиялық көрсеткіштерімен Павлодар облысы бойынша экология департаментінің өкілдері, экология және қоршаған ортаны қорғау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия мүшелері танысты. Айта кетсек, атмосфераға ластаушы заттар шығарындыларын азайту және су ресурстарын ұтымды пайдалану «ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ-ның табиғатты қорғау қызметінің басым бағыттары болып табылады.
Қоршаған ортаға эмиссиялар көлемін азайтуға бағытталған 2023 жылға бекітілген табиғатты қорғау іс-шараларын іске асыру шеңберінде Павлодар 3-ЖЭО және 2-ЖЭО-да қазандық агегаттарын күрделі жөндеу кезеңінде батарея эмульгаторлары мен күлтұтқыш қондырғыларды жөндеу және қолданыстағы аспирациялық қондырғыларды жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Станциялардың қазандық агрегаттарының күлтұтқыш қондырғыларына қызмет көрсету және жөндеу жұмыстарын бақылау тұрақты жүргізіледі, бұл жұмыстардың мақсаты - күлді тұту дәрежесін жобалық 99,5% деңгейінде сақтау.
- Осы жылдың тоғыз айы ішінде өндірістік экологиялық бақылау іс-шаралары өткізілді. Оның ішінде атмосфералық ауаның жағдайын бақылау, ағынды сулар мен тазартылған судың сапасын бақылау; қалдықтар жинақтауышының (күл үйіндісінің) табиғи ортаға әсерін бақылау; топырақты талдау және т. б. шаралар, - деп баяндады қоршаған ортаны қорғау жөніндегі басқарма бастығы Елена Богачонок.
Экологиялық іс-шаралар қатарына сонымен қатар станция аумағын және санитарлық-қорғау аймағын көгалдандыру және абаттандыруға байланысты жұмыстар кіреді. 2022-2023 жылдар кезеңіне бөгде ұйыммен шарт жасалды, бұл шартқа сәйкес 1 күнтізбелік жыл ішінде көшет отырғызу, көшеттердің өміршеңдігін бақылау, суару және күтуге байланысты жұмыстар жүргізілді.