7 мамыр күні Қазақстанда дәстүрлі түрде Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері күні атап өтіледі. Осы айтулы күннің құрметіне спорттық және ұжымдық рухты қолдау үшін 5 мамыр күні "ПЭТК" АҚ қалалық үйішілік электр желілер кәсіпорны  және "ПЭТК" АҚ Лебяжі АЭЖ  қызметкерлері арасында жыл сайынғы спорттық жарыстар өткізілді.

Іс-шараға кәсіпорынның түрлі бөлімшелерінен қатысушылар мен жанкүйерлер жиналды. Турнир шахмат, дойбы, нард, тоғызқұмалақ, үстел теннисі, армрестлинг, гір спорты, кермеге тартылу, зілтемірді жатқан күйде көтеру сияқты 10 спорт түрінен өткізілді. Сонымен қатар Лебяжі АЭЖ-де шағын футболдан спорттық жарыс ұйымдастырылды.

Спорттық жарыстарға "Павлодарэнерго" энергожүйесі қызметкерлерінің жергілікті кәсіподағы" ҚБ демеушілік жасады.

Қатысушылар арасында әр спорт түрінен мықты командалар мен үздік спортшылар анықталды. Бірінші орындарды иеленгендер:

Дойбыдан – ЖЖЦ электрмонтері  Жанатхан Исагул

Шахматтан – ЖЖЦ электрмонтері  Владимир Каухер

Нардтан– ЖЖЦ шебері  Усман Шамионов

Тоғызқұмалақтан – ЖЖЦ аға шебері  Акылбек Нургалиев

Үстел теннисінің жұптық жарысынан  – ЖЖЦ шебері Усман Шамионов және ДҚБ диспетчері  Куаныш Алтайбаев

Үстел теннисінің жеке жарысынан – ДҚБ диспетчері Куаныш Алтайбаев

Армрестлингтен – ЖШБ электрмонтері  Арыстамбек Искаков

Гір спортынан – ЖЖЦ электрмонтері  Асылбек Алдан

Кермеге тартылудан – ЖЖҚ шебері Усман Шамионов

Зілтемірді жатқан күйде көтеруден– ЖЖЦ электрмонтері  Асылбек Алдан 1-орынға ие болды.

Шағын футболдан Лебяжі АЭЖ қосалқы станциялар қызметінің командасы бірінші орынды иеленді. Екінші орын Лебяжі желілік қосалқы станциясының командасына, үшінші орын - э/энергияны тарату және бақылау басқармасының командасына бұйырды.

Үздік қақпашы - диспетчер  Нуржанат Сагнаев, үздік қорғаушы – электрмонтер Александр Галкин және үздік шабуылшы - электрмонтер Куаныш Габдылуапов марапатталды.

Барлық жеңімпаздар мен жүлдегерлерге жергілікті энергетиктер кәсіподағынан грамоталар, кубоктар, медальдар және бағалы сыйлықтар табысталды. Жарыстың ұйымдастырушылары мен төрешілері де алғыс хаттармен марапатталды.